«Қауіпсіз өткел» республикалық профилактикалық акциясы және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде ҚТЖ локомотив пайдалану деполары күзетілетін және күзетілмейтін темір жол өткелдерінде профилактикалық жұмыс жүргізді, деп хабарлайды Rail-news.kz..

Теміржолшылар жүргізушілермен және жаяу жүргіншілермен әңгімелесіп, темір жолдарды кесіп өту кезінде қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелерін еске салып, ақпараттық жадынамалар мен буклеттер таратты.

Балаларға ерекше назар аударылды. Алдын алу шаралары 11 балалар сауықтыру лагерінде өтті. Балаларға теміржол нысандары маңында жүріс-тұрыс ережелері туралы айтылып, тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

Теміржол өткелдеріндегі оқиғалардың алдын алу жұмыстары жалғасуда. Іс-шаралар үнемі бақылауда.