Stadler-дің жаңа жолаушылар вагондарында жылдам даярланатын тағамдар мен кофеден бастап толыққанды ас ішугедейінгі заманауи тамақтану жүйесі бар, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша серіктес – авиация мен индустриялық кейтерингке маманданған және Қазақстанның жетекші авиакомпанияларымен ынтымақтастық тәжірибесі бар Qazaqstan Catering Solutions (QCS) компаниясы.
Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Бақылау барлық кезеңде – шикізатты қабылдау мен дайындаудан бастап дайын тағамдарды сақтауға және жөнелтуге дейін қарастырылған.
Осылайша, жаңа Stadler вагондарында сапарлау пойыздардың заманауи жабдықталуының арқасында ғана емес, сонымен қатар жолда сапалы қызмет көрсету есебінен де ыңғайлы болады.