Отандық рельс төселді

Жаңалықтар
20.05.2016, 16:36
Сәуірдің 7 жұлдызы Қазақ темір жолының тарихына алтын әріптермен жазылып қалатын елеулі күн болды. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан «Алматы-1 – Шу учаскесінің екінші темір жолы құрылысы» нысанында тұңғыш рет «Ақтөбе рельс арқауы зауыты» ЖШС шығарған отандық өнім төселді. Зауытта шығарылған тұңғыш рельс торкөзін төсеу салтанатына  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин мен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысып, көпшіліктің қуанышын бөлісті. «Біз бүгін «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен Үдемелі индустриялық инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының табысты нәтижесін көріп отырмыз. Зауыт өнімі Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық маңызды роль атқарады. Және экспорттық әлеуеті зор. Ендігі жерде рельстер отандық өнім өндірушілерден алынатын болады»,- деп атап өтті А. Мамин. Алматы1 - Шу темір жол телімінде  110 шақырымдық магистральдық желі салынады. Қазірдің өзінде  белгі беру және байланыс, электрлендіру желілері жасалуда. Жобаның бірінші кезеңін биылғы жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. «Жобаны жүзеге асыру кезінде 1500 жұмыс орны ашылады. Аталмыш жобаның біздің аймақ үшін стратегиялық маңызы зор», -деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өз сөзінде. Сала ардагері Қалтай Сәмбетов бұл елеулі оқиғаны Түркісібтегі «ақ түйенің қарны жарылған күн» деп атап өтті. «Өзіміздің Ақтөбеде шығарылған бірінші отандық рельс «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан Алматы-Шу телімінің екінші жолы құрылысында қолданудың тарихи сәтіне куә болып отырмыз. Тәуелсіздік жылдары 2,5 мың шақырым жол салған отандық темір жолдың бұл да бір жетістігі», - деді  Құрметті теміржолшы. Алматы1-Шу темір жолының екінші желісінің құрылысы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жүргізілуде. Телімде пойыздардың өткізу қабілетін арттыру мақсатын көздейтін жобаның жүзеге асырылуы теміржолшылар үшін көптен күткен құрылыс. Жоба жұмысын жүргізуге «Жол жөндеуші» Компаниясы» мен «Теміржол жөндеу» ЖШС Консорциумдарымен келісім шарт жасалған. Бүгінде құрылысқа 37 техника мен  94 адам жұмылдырылған. Екінші желінің іске қосылуымен телімде пойыздарды өткізу қабілеті 2 есеге артады. Жүк пойыздарының жылдамдығы көтеріліп, жүру мерзімі қысқарады. Қазақстанның транзиттік әлеуетінің өсуіне елеулі ықпал ететін болады. Соған орай өндірістік көрсеткіштер де артатын болады деп күтілуде. «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС «Қазақстан темір жолы» компаниясы үдемелі индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жеке инвесторлармен бірлесе отырып дүниеге келген ТМД аумағында баламасы жоқ  инновациялық кәсіпорын болып табылады. 2014 жылдың қорытындысында «АРАЗ» ЖШС «Жылдың үздік индустриалдық жобасы» аталымында ҚР Президентінің «Алтын сапа» арнайы сыйлығын иеленді. Жобалық қуаты бойынша жылына 200 мың тонна рельс, 230 мың фасондық илем шығаруға қауқарлы. Негізгі өнімдері  ұзындығы 120 метрге дейін жететін Р-65 рельстері мен бұрыштамалар, швеллерлер және арқалықтар сияқты орта фасондық илемі. Зауытты қызметінің басты мақсаты ретінде жоғары жылдамдықтағы темір жол магистральдарының құрылысына арналған рельстер өндірісін ұйымдастыруды, сондай-ақ, отандық кәсіпорындарды әлемдік стандарттарға сай сапалы өніммен қамтамасыз етуді көздеуде. Қазақстандық нарық сұранысын толықтай қанағаттандырып, экспортқа құлаш сілтеу жоспарлануда.  

Әсел Төлегенова

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты