Жауапкершілікті арттыру қажеттігі байқалды
Биылғы көктемгі тексерісті қорытындылау жиынында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбек қорғау бойынша барлық шаруашылықтардағы кемшіліктер жіктеле сараланды.
Атырау жол бөлімшесі бойынша өткен 4 айда пойыздық және маневрлік жұмыстарда ақау, өндірістік жарақат алу жағдайы орын алмаған. Жалпы алғанда, қозғалыс қауіпсіздігі, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы, техникалық құралдардың жағдайы, ғимараттардың абаттандырылуы, жұмысшылардың тәртібі – қанағаттанарлық.
«Вокзал-сервис» АҚ-ға қарасты Мұқыр, Жантерек, Исатай, Нарын, Бақсай, Жамансор, Кенбай, Ескене, Таскескен вокзалдарына күрделі жөндеу 2013 жылы жүргізілген. Алайда, вокзалдар мен Атырау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты барлық разъезд ғимараттарын әктеп-сырлауға, айналаны таза ұстауға көңіл бөлу қажеттігі ескертілді. Станцияларда кезекшілер жаңа нұсқаулықпен жұмыс жасауға көшпеген, өз міндеттерінің білімін жетілдіру, жүк қабылдап-жөнелту бойынша ескертпелер бар. Жол дистанциялары бойынша Ганюшкино, Исатай, Сазанқұрақ, Д.Нұрпейісова, Шоқпартоғай разъезі сынды кейбір учаскелерде, шпалдың және рельстің, бұрмалардың ақаулағынан жылдамдықты шектеуге тура келген. Сондықтан бұл кемшіліктерді жедел қалпына келтіру қажет.
Белгі беру және байланыс дистанциялары бойынша 95 кемшілік анықталып, олар негізінен рзд. Д.Нұрпейісова, рзд. №4, рзд. №5, ст. Ганюшкино, рзд. №7, ст. Сазанқұрақ, рзд. №14, ст. Аққыстау, рзд. №16, рзд. №496, ст. Қарабатан, рзд. №441, рзд. Шоқпартоғай, рзд. №469, рзд. №470 электр желілерін, бағыттамалы бұрмаларды сыртқы тексеруді, рельс шынжырларының оқшаулау элементтерін тексеруді сапасыз жүргізу және жөндеу бағытындағы кемшіліктер. Барлық дистанцияларда техникалық құжаттама жүргізуде де олқылықтар орын алған. Махамбет станциясында ДГА-24 резервті электростанциясы жұмыс жасамай тұр. Көп жерлерде өрт дабылы жұмыс жасамайды, соған орай жыл сайын өрт дабылдарын жөндеу мен қызмет көрсетуді бюджетке енгізу ұсынылды. Жол және байланыс дистанциялары арасындағы бірлескен жұмыстарды өз деңгейінде жүргізу қажеттігі де айтылды. Ал, электрмен жабдықтау дистанцияларында жарықтандыру мәселесі төмен. Атырау-Ганюшкино учаскесіндегі станцияларда тартымдық жолдағы бұрмалар 60 ваттық әлсіз шамдармен жарықтанып тұр. Атырау-Сағыз учаскесінде КТП-ға қызмет көрсету үшін баспалдақтар қойылмаған, трансформатордың кеңейткіш бөшкелерінен май ағу орын алған.
Вагон шаруашылығында КТСМ-02 15 автоматты бақылау құралы қолданыста бар, бірақ оларды орталықтандыру жүргізілмеген. Вагон қараушылар тарапынан вагонды қарау кезінде қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін кемшіліктер анықталмай жатады. Соған сәйкес, станцияларда вагондарды қайта бақылау-тексеру кезінде сол кемшіліктер анықталған. Негізінен тежегіштің пневматикалық және механикалық жабдықтары, тежегішті реттеу, қолмен тежегіштің дұрыс жасамауы сынды кемшіліктер. Бұлар өндірістік-техникалық жөндеу кезінде қалпына келтірілуі тиіс. Сондықтан өндірістік-техникалық қызмет көрсетудің сапасын арттырып, вагонқараушылардың жұмысына бақылау жүргізу қажет. Жолаушы вагондарына қажетті қосалқы бөлшектер де жеткіліксіз жағдайда.
Өрт қызметі бойынша өрт сөндіру пойыздарының жылжымалы құрамын жаңарту талап етіледі. Вагон-сорап станциясы 1952 жылғы, ал көбік құрағыштар мерзімі өтіп кеткен, сондықтан тығыздылығы, тұрақтылығы, басқа да қасиеттері жойылған, жылжымалы мотопомпалармен өрт сөндіру пойыздары жабдықталмаған. Қызметкерлер тыныс алу органдарына арналған қорғаныш құралдармен қамтамасыз етілмеген. Бұлар толыққанды жұмысқа едәуір кедергі келтіретіні рас.
Локомотив шаруашылығы бойынша машинист-нұсқаушыларға сын айтылды. Олардың тарапынан пойыздың жүруі, автотежегішті басқару, машинистке қатысты басқа да кемшіліктер анықталмайды. Локомотив бригадаларының бақылау-нұсқау сапарлары, пойыз машинистерімен радиобайланыс дұрыс ұйымдастырылмайды. Мақат сервис орталығында қосалқы бөлшектер жеткіліксіз. Өндірістік, жылдамдық өлшегіш, автомат, электроаппарат цехтарын да қосалқы бөлшектермен жабдықтау қажет. Аталған жайттар саралана келе, бөлімше басшылығымен аталған кемшіліктерді түзету, көктемгі тексеріс анықтаған олқылықтарды қалпына келтіру, жауапты адамдардың жауапкершілігін арттыру жөнінде шешім қабылданды.
Қосұйым Мұқашев, Атырау
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды