Сианьнан шыққан халықаралық туристік пойызбен Алматыға 60-қа жуық турист келді

Жолаушылар тасымалы
04.07.2026, 14:00
Оқуға 1 мин

Алматыға Қазақстан мен Қытай арасындағы туристік теміржол қатынасын дамыту аясында ұйымдастырылған Сиань (ҚХР) – Алматы бағыты бойынша халықаралық туристік пойыз келді. Пойыз құрамында Қытайдың түрлі өңірлерінен 60-қа жуық турист келді деп хабарлайды Rail-news.kz.

Пойыз Сиань қаласынан 29 маусымда жолға шығып, мемлекеттік шекараны Қорғас станциясы арқылы кесіп өтті. Қазақстан аумағында жолаушылар сапарын «Жолаушылар тасымалы» АҚ жасақтаған пойыз құрамында жалғастырды. Қозғалыс ыңғайлылығы үшін маршруттың ерекшеліктері мен халықаралық қатынаспен түйісуін ескеретін арнайы кесте әзірленді.

Алматыда бірнеше күн болатын туристер қаланың мәдени және туристік әлеуетімен танысып, негізгі көрікті жерлерін аралап, экскурсиялық бағдарламаға қатысады.

Туристік пойыздың Алматыдан кері жөнелтілуі 6 шілдеге жоспарланған. Бұдан кейін туристер Қорғас станциясы арқылы Қытайға қайтады.

Бұл жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени байланыстарды нығайту және туристік ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды қадам болды.

Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып, теміржол туризмін дамытуға және Қазақстанды туристік бағыт ретінде ілгерілетуге бағытталған негізгі бастамалардың бірі болып табылады.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды