Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды

2026 жылдың басынан бері Ұлттық тасымалдаушы пойыздарымен 7,5 млн жолаушы сапарға шықты, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Жолаушылар ағынының басым бөлігі дәстүрлі түрде еліміздің ірі қалаларына тиесілі. Жолаушы жөнелту көлемі бойынша Алматы көш бастап, 1,2 млн жолаушыны құрады. Одан кейін Астана – 1 млн және Шымкент –  467 мың жолаушы.

Теміржол қатынасына деген жоғары сұраныс өңірлерде де сақталуда. Ақтөбе облысының станцияларынан –  741 мың жолаушы, Абай облысынан –  501 мың, Қарағанды облысынан –  471 мың, Қызылорда облысынан –  435 мың және Жамбыл облысынан –  331 мың жолаушы жөнелтілген. Бұл көрсеткіштер теміржол көлігінің ірі қалалар арасындағы және өңірлік қатынастағы маңызын көрсетеді.

Сұраныс жоғары болған жағдайда жолаушыларға цифрлық сервистер де қолжетімді. Соның ішінде босаған орындарға билет сатып алуға мүмкіндік беретін «Күту парағы» сервисі кеңінен қолданылады. Электронды кезекке пойыз жөнелтілуіне 7 күн қалғанда және 1 сағаттан кешіктірмей тұруға болады. Қызмет теміржол билет кассаларында және bilet.railways.kz ресми сайтында қолжетімді. Жыл басынан бері сервис арқылы жолаушыларға 234 мың билет ұсынылып, оның 75 мыңы сатып алынды.

Сервистерді дамытуға қоса, жолаушылардың түрлі санаттары үшін қолайлы әрі қолжетімді жағдай жасау жұмыстары жалғасуда. Мәселен, 2021 жылғы қазан айынан бері жұмыс істеп келе жатқан «Әйелдер вагоны» бүгінде 13 бағытта қатынайды. Мұндай вагондарда ересек адамның еріп жүруімен 7 жасқа дейінгі ұл балалардың да жол жүруіне рұқсат етіледі. Қызмет іске қосылғалы бері оны 946 мың жолаушы пайдаланған.

Теміржол тасымалдарының ерекше қажеттіліктері бар жолаушылар үшін қолжетімді болуына да айрықша мән беріледі. Барлық мүгедектік топтарындағы жолаушыларға, мүгедектігі бар балаларға және оларды алып жүретін адамдарға әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша билет құнының 50%-ы мөлшерінде жеңілдік қарастырылған. 2026 жылдың жеті айында арнайы орындарға 396 мың билет рәсімделді.

Пойыз билеттерін bilet.railways.kz ресми сайтынан, теміржол билет кассаларынан, сондай-ақ, билеттерді сатуға арналған мобильді сервистер арқылы сатып алуға болады. Қосымша ақпаратты жолаушылар 1433 тегін нөмірі және «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның ресми Instagram-парақшасы — @jolaushylar_tasymaly арқылы ала алады.

Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған