Ерлік емей, немене?!

ҚТЖ келбеті
30.07.2025, 12:29
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Әр адамның бойында ерлікке бастар қасиет бар. Ол үшін атақ та, абырой да қажет емес, шынайы ерлік кейде қарапайым сәтте, күтпеген жағдайда көрініс табады. Бүгінгі кейіпкеріміз – сол қарапайым батырлардың бірі.  

Жарқынбек теміржол саласында 2013 жылдан бері еңбек етеді, өткел күзетшісі болып бір орыннан тапжылмай, абыроймен еңбек етіп жүрген азамат. Күнделікті қарапайым жұмыстың бір сәтінде ол бүтін бір пойыз құрамын апаттан аман алып қалды. Осынау бір сәттік әрекет оның батылдығы мен кәсібіне деген адалдығын айғақтады.  Нағыз ерлік сөзбен емес, нақты іспен көрінетінін Жарқынбек секілді  теміржолшылар осылай дәледейді.    

Теміржол – тәртіп пен қырағылық талап ететін сала. Әрбір теміржолшының қызметіне деген адалдығы мен жауапкершілігі жүздеген адамның өміріне тікелей әсер етеді. Бұл жолда қажыр-қайрат пен жылдам шешім қабылдай білу, дәлдік пен кәсібилік аса маңызды. Осындай биік талап үдесінен шығып жүрген кейіпкеріміз Жарқынбек Жаңабаев Қараиірім – Жалағаш станциялары аралығындағы 2742 шақырымда орналасқан теміржол өткелінде кезекшілік ететін өткел кезекшісі.  

Теміржолшылар династиясынан шыққан Жарқынбек бұл салаға кездейсоқ келген жан емес. Оның әкесі Сәрсенбай Жалағаш станциясында электрмен жабдықтау шаруашылығында еңбек еткен тәжірибелі маман болса, өзі мен бауырлары Қаракеткен, Жалағаш станцияларында жол шаруашылығында еңбек етуде.  

...Кезекті жұмыс күнінде №2802 жүк пойызы өткелден өтіп бара жатты. Жарқынбек вагондардың бірінен салбырап келе жатқан затты байқап қалады. Теміржолдағы әр секундтың бағасы зор екенін жақсы білетін ол, дереу Жалағаш станциясының кезекшісі А.Ембергеновке, тікелей басшысы Абзал Айтжановқа радиобайланыс арқылы хабар береді. Кешікпей пойыз тоқтатылып, техникалық тексеру жүргізіледі. Сараптама нәтижесінде жүк вагонының төменгі жалпақ жолақ бөлігінде ақау анықталып, қауіптілігіне байланысты құрамнан ажырату туралы шешім қабылданады.

– Вагондағы жалпы жолақтың сынуы – кез келген уақытта пойыздың рельстен шығып кетуіне, тіпті ауыр апатқа соқтыруы мүмкін жағдай. Сондықтан бұл – нағыз ерлік. Уақытылы қабылданған шешімнің арқасында апаттың алды алынды, – дейді Қызылорда жол дистанциясының бастығы Марат Оңалов.

Өткел кезекшісінің жұмысы сырт көзге қарапайым көрінгенімен, теміржол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде олардың атқаратын рөлі зор. Олар пойыз қозғалысы кезінде шлагбаумды уақытылы жауып-ашып қана қоймай, жолдың екі жағындағы 50 метрлік аумаққа күтім жасап, өткелден өтетін автокөлік жүргізушілеріне қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертіп отырады.

– Әкемнің жолын қуып теміржолшы болдым. Інілерім де осы салада еңбек етіп жүр. Жеті балам бар, олар да болашақта теміржолшы болса екен деймін. Темір жолда тұрақты табыс, әлеуметтік қолдау бар. Ұмтылғанға мансаптық өсу мүмкіндігі де жоқ емес. Мен нанын жеп отырған салаға адал қызмет етуді басты борышым санаймын. Жүк пойызындағы ақауды анықтауым – ерлік емес,  кәсіби міндетім. Мұндай жағдай кез келген теміржолшының басынан өтуі мүмкін. Бірақ осы жолы бұл міндет маған жүктеліпті, – дейді Жарқынбек Сәрсенбайұлы.

Иә, кәсіби міндеттен туындаған әрекет, бір мезетте қабылданған шешім бүкіл құрамның, талай жанның тағдырын сақтап қалды. Бұл ерлік емей, немене?!  

Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік