Таңдаулы машинистер тандемі

ҚТЖ келбеті
31.07.2025, 13:15
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Атандай аманатты арқалап жолға шыққан жүк пойыздарының діттеген жеріне аман-есен жетуі темір жолдағы барлық саланың қызметіне байланысты. Жолшы жолға жауап берсе, диспетчер қозғалысын реттеп, белгі беру-байланыс және электрмен жабдықтау салалары өз міндетін атқарады. Десек те, тасымал процесіндегі ең жауапты да негізгі тұлға сол жүк құрамының локомотив бригадасы десек, қателеспейміз.

Маңғыстау локомотив депосының тепловоз машинисі Самат Нәжімеденов пен машинист көмекшісі Муса Битан ؘ– бір-бірін көзқарастарымен-ақ  ұғысатын таңдаулы тандем. Екеуі жас болса да тәжірибе жинап үлгерген, машинист мамандығына қалыптасқан мамандар.  

Самат Нәжімеденов қазір орда бұзар отызға таяған. Теміржолшылар отбасынан шыққан, маңғыстаулық Құрметті теміржолшылар Маралбек Нұрмағанбетов пен Рая Халикованың ұлы. «Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны ілер» дегендей, ол бала кезінен теміржолшы болуға тәрбиеленген. Мектепті бітіріп, Атыраудағы Аграрлы-техникалық коледжінде білім алып, машинист көмекшісі курсында оқып, 19 жасында Маңғыстау депосына машинист көмекшісі болып жұмысқа орналасты. Төрт жылдан соң машинист курсын бітіріп, тепловоз тізгіндеді. Қазір ол үшінші дәрежелі машинист. Маңғыстау – Сайөтес, Маңғыстау – Жаңаөзен, Маңғыстау – Құрық, Ақтау порты телімі аралығында жүк пойызын жүргізеді. Осы бағыттарда өтіп жатқан жүктерді тасымалдайды.  

Ал оның көмекшісі Муса Битан болса мұнайшылар жанұясында өскен, түбек теміржолшыларының жайдарманшылар командасында өнер көрсетіп, облыстық, республикалық жарыстарда топ жарып жүрген жастың бірі. Ақтаудағы көлік колледжін, кейін Көлік академиясын көліктік техника және технологиялар мамандығы бойынша бітірген ол, осыдан он жыл бұрын колледж жолдамасымен Оралдағы вагон жөндеу депосында слесарь болып еңбек жолын бастаған. Кейін цехта локомотив жөндеуші болып, үш-төрт жыл тәжірибе жинап барып, машинист көмекшісі болып  ауысады. Өзі жан-жақты. Жайдарманшылар тобынан бөлек спортшылар командасының белді мүшесі.    

Міне, бірі-бірін толықтырып тұратын осынау қос машинистің  қырағылығы мен өз міндеттеріне деген жауапкершілігінің  арқасында өткен жылы бір қауіптің алды алынған болатын. Сол күні екеуі Маңғыстау – Құрық порты аралығында №3292 пойызымен Құрық портына барған болатын. Айтуларынша, порт станциясында үшінші жолға қабылдану кезінде бағыттама бұрмалардың бос емес жолға ашылып тұрғанын байқап қалады. Локомотив бригадасы жағдайды тез бағамдап үлгереді де дереу іске көшіп, шұғыл тежегішті іске қосып құрамды тоқтатады. Абырой болғанда пойыз бірталай жерге дейін барса да дер кезінде тоқтап, дайын емес бағытқа шығуын болдырмады. Басшылық сауатты іс-әрекеттері арқасында апаттың алдын алған локомотив бригадасына алғыс жариялады.      

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты