Алғыс арқалаған жолсерік

ҚТЖ келбеті
01.08.2025, 10:01
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалының жолсерігі Қуатбек Дауылбаев – жеті жылдық тәжірибесі бар теміржолшы. Ол биыл 9 жасар кішкентай жолаушыға шұғыл түрде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, баланың өмірін сақтап қалды.

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Айнатас ауылында туған Қуатбек Әмірұлы темір жолға кештеу келсе де жауапкершілігі мен сапалы қызметі үшін жоғары бағаға ие болып үлгерді. Ол бүгінде Алматы – Ташкент бағытындағы халықаралық пойызда жолсерік болып еңбек етеді.  

– Биыл 16 сәуірде Алматы-2 – Ташкент бағытындағы пойызда әдеттегі қызметіме кірістім. Екінші күні Келес станциясындағы шекаралық кеден тексеру нүктесінде сағат 11.30-дар шамасында менің вагонымда бір баланың жағдайы нашар екенін естідім. Шұғыл түрде балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, тілін жұтып қоюына жол бермедім, басын көтеріп, сәл қапталға бұрдым, еркін тыныс алуына жағдай жасадым. Пойыз бастығы Сәуле Қыдырәлиева да көмекке келіп, дауысзорайтқыш радиобайланыс арқылы дәрігер іздеді. Жолаушылар арасында дәрігерлер жоқ болып шығып, жедел жәрдем шақырттық. Келес станциясындағы кезекші, медициналық қосын қызметкері мен Өзбекстанның шекаралық бақылау қосынының қызметкерлері де келді. Жедел жәрдем келгенше бала есін жиды. Анасының айтуынша, баланың бұлай құрысып қалуы бірінші рет, оны емдетуге апара жатыр екен. Сол жерден екеуі Ташкент ауруханасына жеткізілді, – дейді Қуатбек жолсерік.  

Баланың анасы жолсерікке кәсіби біліктілігі, адамгершілігі және жауапкершілігі үшін шын жүректен алғыс айтты. Өйткені дер кезінде сауатты медициналық көмек берілмесе, баланың жағдайы не болары белгісіз еді.  

Қызметін 2018 жылы компанияның «Солтүстік» филиалында бастаған Қуатбек Астана – Семей бағытында да жұмыс істеді. 2023 жылдан бастап қазіргі жұмысына, яғни «Экспресс» филиалының «Тальго» пойызына Алматы – Ташкент бағытына ауысты. Бүгінде екі елдің ортасында жүріп, жолаушылардың пойыздағы саяхаты кезінде жағдайын жасап, діттеген жеріне аман-есен жеткізу үшін қызметін жалғастырып келеді.  

 

Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер