Түбек теміржолын түлеткен тұлға

ҚТЖ келбеті
20.01.2026, 09:21
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жыл басында атауы өзгерген «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Маңғыстау филиалы жаңа жылды жаңалықпен бастады. Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесін ұзақ жыл басқарған Нәжімеден Ғұбашов құрметті зейнет демалысына шықты.

Маңғыстау бөлімшесінің тарихында алғашқы «НОД» болып қалған Нәжімеден Бақтығалиұлын құрметті демалысқа шығарып салуға Астанадан арнайы келген қонақтар қатарында Компания басқармасы төрағасының орынбасары Марат Шакенов, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директоры Асан Үмбетов, тағы басқа азаматтар Н. Ғұбашов еңбек еткен жылдардағы түбек теміржолындағы жетістіктерді тілге тиек етіп, өңірдегі жүк тасымалы жұмысын үйлестіріп, саланың дамуына қосқан жеке үлесі үшін алғыс айтты. Компания бастығының құттықтауын жеткізіп, сый-сияпаттарын табыс етті.  

Айта кету керек, Нәжімеден Бақтығалиұлы бөлімшені басқарған жылдары түбек темір жолында елеулі өзгерістер орын алғаны шындық. Маңғыстау теміржолы транзиттік жүктерді тасымалдауда маңызды нүктеде орналасқандықтан Оазис арқылы Өзбекстанмен, Болашақ станциясы арқылы Түркіменстанмен, Құрық және Ақтау теңіз порттары арқылы Каспий маңы елдері, Еуропамен жүк тасымалын жүзеге асыруда мүмкіндігі мол. Осы мүмкіндіктердің ашылуына атсалысып, оны орынды пайдалануды үйлестіре алған бөлімше басшысы түбектегі жүк тасымалының жылдан жылға артып, көрсеткіштердің ұлғаюына, жаңа ірі жобалардың сәтті жүзеге асуына бар күш-жігерін жұмсады.  

Салтанатты кеште сөз алған әріптестер 2007 жылы алғаш құрылған Маңғыстау бөлімшесінің директоры болып тағайындалғаннан бастап теміржол телімінің өткізу қабілетін жоғарылату, жаңа техниканы енгізу және оның негізінде жұмыс технологиясын жетілдіру, тасылатын жүктер мен қозғалмалы құрамның сақталуы мен пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін арттыру, еңбек өнімділігін көтеру жұмыстарын біліктілікпен ұйымдастырған Нәжімеден Бақтығалиұлының ерен еңбегіне ерекше тоқталды.  

Н.Ғұбашовтың түбек темір жолын ондаған жылдар бойы абыроймен басқарған қызметі орынды бағаланып, мемлекеттік «Құрмет» орденімен, салалық «Құрметті теміржолшы» белгісімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, ҚР Президентінің Алғыс хатымен, ҚТЖ басшылығының Алғыс хатымен және Құрмет грамотасымен марапатталды. Облыстық мәслихат депутаты болып, қоғамдық жұмыстарды да қатар алып жүріп, «Мұнайлы ауданының құрметті азаматы» атанды.  

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Маңғыстау филиалының басшысы болып бұған дейін Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің бас инженері қызметін атқарған тағы бір тәжірибелі теміржолшы Қарақат Жақанов тағайындалды.

 

Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды