Темірден түйін түйген

ҚТЖ келбеті
27.03.2026, 09:07
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Бұрын маңдай тер, білек күшімен атқарылатын көп жұмысты қазір техника атқаратын заманға жеттік. Темірден түйін түйген ұсталар мен зергерлер бүгінде жоқтың қасы. Десек те, маңғыстаулық темір ұстасы Еркін Майлановтың жұмысын көріп, бүгінгінің алтын қолды шебері осы шығар дедік.

Бейнеу жол дистанциясында темір ұстасы міндетін атқаратын ол әкеден көргенін істеп, темірден түйін түйетін хас шебер. Жол шаруашылығына қажетті құрал-саймандарды жөндеп, жамап-жасқап, станогы бір тыным таппайды. Жолшылардың балғасы мен ломы, басқа да қажетті сайманы істен шығар болса, ешкім жаңасын күтіп қол қусырып отырмайды. Еркіннің қолына түсіп, станогына жетсе болды, қайта түлеп, су жаңа болып шыға келеді. Онсыз мекемеде сынған техника тоқтап, бүлінген құрал құнын жоғалтады.

Мұнысын ұжымы да жоғары бағалайды. «Ерекеңнің еңбегі мықты, бір өзі тұтас мекеменің қажетін өтеп, қанша экономикалық пайда мен үнем әкеліп отыр» дейді басшылық.  

– Әкем 1982 жылы Бейнеу жол дистанциясына темір ұстасы болып жұмысқа орналасқан. Содан тапжылмай бір жерде жиырма жыл еңбектенді. Мен де сол кісіден көріп, қасында жүріп кәсібін үйрендім. Қызған темірмен жұмыс істеу оңай емес, қара күшті, төзімді талап етеді. Әкемнің кейінгі жылдары денсаулығы сыр бере бастады. 2002 жылы қатты ауырып, жұмыстан шықты. Орнына мен жұмысқа келдім. Жаспын. Біраз жыл қасында жүріп жинаған тәжірибем бар. Тапсырылған міндеттерді атқаруды бұрыннан да көріп жүргесін онша қиынға соққан жоқ. Үйде ес білгелі әкемнің токарлық станогында жұмыс істеп үйренгенім бар, игеріп кеттім. Жұмыс ауыр әрине. Бірақ ауырлығына қарамастан әкеміз бізді, он бір баланы осы темірмен жұмыс істеп жүріп-ақ жеткізді. Қазір өзім де осы кәсібімнің арқасында төрт баламды өсіріп, отбасын асырап отырмын, – дейді темір ұстасы Еркін Табылғанұлы.  

Темір балқытатын көрігін қыздырып, тарс-тұрс ұрғылап, істен шыққан қаншама нәрсеге қайта жан бітіретін шебер жұмыста болттарды бұрайтын кілттерді жасау, сынған болт, гайка, сүймен, балға сияқты қажетті құралдарды құю мен жөндеуден басқа, үйдегі станокта ауылдастарының көлігіне, тұрмыста қажетті саймандарына жөндеу жүргізіп, темір бұйымдарын жонып, дәнекерлеп, жөндеп береді.  

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды