Саятшылықты серік еткен теміржолшы

ҚТЖ келбеті
06.04.2026, 09:02
Оқуға 2 мин
Фото жеке мұрағат
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбелік теміржолшы Еркін Қалдыбаев бала күнінен тазы баптап, аңшылықпен айналысады. Саятшылықты серік еткен жан үшін  бұл жай әуестік емес, атадан мирас болған өмір салты.  

Теміржолдағы еңбек жолын 2013 жылы бастаған 32 жастағы жігіт бүгінде  Әйтеке би станциясында электромеханик болып еңбек   етеді.  

«2010 жылдан бері тазы ұстаймын. Тазының өз бабы бар, уақытында тамағын беріп, күтімін жасап, спортшы сияқты үнемі бабында ұстау керек. Мен жұмысыма байланысты үнемі далада,  жол аралығында, көбіне жаяу  жүреміз. Сондайда қасыма ертіп аламын, маған кәдімгідей серік, оған бой жазатын серуен», – дейді ол.

Еркіннің айтуынша, тазы – тек аң аулайтын ит емес, адамның сенімді серігі.

Қазір оның қолында екі шашақ қазақы тазы бар. Оның аңшылыққа деген қызығушылығы да тегін емес. Әулетінде аңшылық пен тазы баптау дәстүрі үзілмеген. Атасы да, әкесі де тазы ұстаған. Сонымен қатар теміржолшылар әулетін жалғастырушы, атасы, әкесі, тіпті анасы да теміржол саласында еңбек еткен.  

«Біз ит құшақтап өскен ұрпақпыз ғой. Тазы баптап, аңға шығу қазақтың жаны. Табиғат аясында ат мініп, тазы ертіп саят құрғаннан асқан рахат жоқ мен үшін,  жан тыныштығын табатын ерекше сәт. Қансонарда әке-ағаларыммен бірге аңға шығып, тазы қосу әдісін үйренгенбіз. Менің ең үлкен олжам - елік. Сонымен қатар қоян, түлкі, борсық алған кездер болды», –  деді теміржолшы.  

Айтуынша, жеті қазынаның бірі тазыға күтім ерекше. Тазы – бекзат аң, кез келген асты жемейді, таза жерде арнайы баптап, дұрыс азықтандыруды қажет етеді.  

Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет