Оңтүстіктен – Солтүстікке: ұлы көшке үлес

ҚТЖ келбеті
21.04.2026, 08:24
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарынан еңбек ресурстарын тартуға бағытталған «Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін азаматтарды ерікті түрде көшіру» бағдарламасы аясында Түркістан облысында кездесулер ұйымдастырылды.

Іс-шаралар биыл 29 наурыз бен 3 сәуір аралығында Шымкент қаласында, сондай-ақ Жетісай, Мақтаарал, Шардара, Сарыағаш, Қазығұрт, Келес, Ордабасы, Созақ, Бәйдібек, Төле би, Түлкібас және Сайрам аудандарында өтті. Осы бағдарламамен өзі де оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған теміржолшы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы Ақмола магистральдық желі бөлімшесінің персонал жөніндегі менеджері Жәнібек Мәменов сол кездесулердің басты спикері болды.  

Аталған кездесулердің нәтижесінде 28 отбасы көшу туралы шешім қабылдады. Кездесуде қатысушыларға «Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары шақырады» бағдарламасы ұсынылды, сондай-ақ бос жұмыс орындары, әлеуметтік қолдау шаралары және көшу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді.  

2021 жылы туған жері Түркістан облысынан Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов ауданының Жаңаесіл станциясына «Еңбек» бағдарламасы арқылы отбасымен көшіп келген Жәнібек Мәменов содан бері 134 жанұяның қоныс аударуына көмектескен, оның ішінде 84 адам теміржол саласына тұрақты жұмысқа орналасты. Түркістан облысында жүргенде 2012-2021 жылдары ауылдық округ аппаратында бас маман, су шаруашылығында бөлім басшысы болған ол ҚТЖ жүйесінде 2022 жылдың қаңтар айынан бастап еңбек етеді.  

– Солтүстікке көшіп келген жылы менімен бірге тағы 4 отбасы қоныс аударды. Әйелім аудандық ауруханада кадр бөлімінің маманы, 4 балам бар. Балалар осындағы мектепке тез үйреніп кетті. Біз де жақсы қабылдадық. Үйді тегін берді, ақшалай да қолдау болды. Суық болса да денсаулық үшін пайдалы, жанға шипа, таза ауа, қайыңның иісі. Қан қысымы бар адамдар үшін өте жақсы. Халықпен кездесулерде бағдарламаның шарттарын, жеңілдіктері мен қолдау шараларын айта келе солтүстіктің артықшылығы ретінде мұнда егістік, жайылым жер көп екенін тілге тиек етемін. Мал шаруашылығын дамытуға керемет жер, – дейді Ж.Мәменов.  

Оның айтуынша, аталған бағдарламамен Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстары мен Алматы, Шымкент, Астана қалаларының тұрғындары солтүстікке көше алады. Оларды қабылдайтын өңірлер – СҚО, Павлодар, Қостанай, ШҚО, Абай және Ұлытау облыстары. Келетін азаматтардың осы қабылдаушы облыстарда үйі болмауы керек. Қоныс аударған азаматтар 5 жылға келісімшартқа отырады, сол аралықта ешқайда көшіп кетуге болмайды, кейін үйді аздаған ақшасын төлеп, өз атына аударуға болады. Бұл іс-шаралар азаматтардың жұмыспен қамтылуын арттыруға және өңірлер арасындағы көші-қон процестерін тиімді ұйымдастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.  

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды