Үздік атанған үштік

ҚТЖ келбеті
04.08.2026, 10:51
Оқуға 2 мин
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Түбек теміржолының үш жігіті «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының ұйымдастырған «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» форумы аясында өткен «Үздік теміржолшы-26» республикалық байқауының жеңімпазы атанды.

Тәуелсіздіктің 35 жыл толуына орай ел игілігі жолында табанды қызмет етіп, жоғары кәсіби шеберлігімен теміржол саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген азаматтардың арасында байқау шілде айында онлайн түрде өткізілген болатын. Оған қатысқан Бейнеу жол дистанциясының техникалық бөлім басшысы Айдос Бөлекбаев, Маңғыстау жол дистанциясының инженер-технологы, кәсіподақ ұйымының төрағасы Марат Найжанов, жол жөндеуші Сабырхан Азаматовтың мерейі үстем болды.  

Жеңімпаз жігіттерді құттықтап, жас болса да жол дистанциясында өзіндік орны, абырой беделі қалыптасып үлгерген маман Марат Найжановпен тілдескен едік. Жаңаөзен қаласында дүниеге келген Марат еңбек жолын Ақтаудағы М.Тынышбаев атындағы көлік колледжін «Ғимараттар құрылысы және пайдалануы» мамандығы бойынша бітіріп, жол жөндеуші болып бастаған. 2019 жылдан бері инженер-технолог ретінде жұмысқа кірісіп, өндірістік үдерістерді жетілдіру, еңбек қауіпсіздігін сақтау және технологиялық тәртіптің орындалуын қамтамасыз ету бағытында тер төгіп келеді. Былтыр «ChatGPT-мен жұмыс істеудің базалық дағдылары» оқу курсынан өтіп, цифрлық технологияларды жұмыс процесінде тиімді пайдалануды жетілдірген.  

– Аталған білім беру бағдарламалары мен кәсіби даярлық курстары қызметтегі басқарушылық дағдыларды жетілдіруге, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ұжыммен тиімді жұмыс жүргізуге және кәсіподақ қызметін сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Мұны одан әрі де дамытып, үнемі ізденістемін, – дейді үздік теміржолшы Марат Найжанов.

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды