Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман

ҚТЖ келбеті
25.08.2026, 09:04
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Оңтүстік» өңірлік филиалының вагон қабылдап алушысы Қуаныш Баймбетов – отыз жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі теміржолшы.

Салаға сіңірген адал еңбегі үшін «Үздік маман», «Адал еңбегі үшін», «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгілерімен марапатталған. Ал Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының «Үздік теміржолшы» төсбелгісін тақты.  

Вагон шаруашылығының шебері сонымен қатар ақауды бір қарағанда ажырата алатын қасиеті бар маман. Мысалы, биыл 16 маусымда 8/7 Саратов-Алматы бағытындағы пойыз вагонынан қауіпті ақауды анықтады. Пойыз жөнелтуге дайындық кезінде №14842 вагонының 2-доңғалақ буксы 6 мм жылжып кеткенін дер кезінде байқап, доңғалақ дереу ауыстырылды.  

Былтыр желтоқсанда Алматы – Маңғыстау пойызы Алматыдан шығайын деп тұрған кезде де №12491 вагонның арбашасынан сызат тапты. Ал сәуірде Арыс вагон депосынан жөндеуден шыққан вагонның арбашасынан да осындай ақау анықталған еді. Міне, Қуаныш Баймбетовтің қырағылығы мен өз ісін жетік білуінің арқасында және жұмысқа деген жанашырлығы нәтижесінде осындай апаттарға жол берілмеді. «Әр теміржолшының міндеті – қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосу. Бұл ешқандай ерлік емес, менің қауіпсіздікке қосқан үлесім» дейді кейіпкеріміз.  

Қуаныш Баймбетов 1973 жылы Арал ауданы, Сексеуіл станциясында теміржолшылар отбасында дүниеге келген. Теміржол институтын бітіріп, инженер-механик мамандығын алған 1996 жылы Алматыдағы ВЧД-7 вагон депосында слесарь болып еңбек жолын бастады. Сол жылы әскерге аттанып, келген соң ЛВДЧР-26 мекемесінде 2007 жылға дейін слесарь, вагон қараушы, аға цех шебері, аға шебер, бас механик, директордың орынбасары қызметтерін атқарды. 2008 жылы «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Жолаушылар транс» филиалында эксплуатация бөлімінің бастығы, 2009 жылы «Оңтүстік» филиалында бөлім бастығы болып еңбек етті. Ал 2010 жылдан бастап осы филиалда вагон қабылдап алушы болып жұмысын жалғастырып келеді.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды