Аягөз – машинистер ұстаханасы

ҚТЖ келбеті
08.09.2026, 09:00
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінгі Семей теміржолында еңбек әулетінің даңқты жолын лайықты жалғастырып келе жатқан майталман машинистер жетерлік. Солардың бірі – биыл тепловоз тізгініне отырғанына 30 жыл толып отырған 1-ші класты машинист Берік Көпбаев.

Әйгілі династия өкілі Берік Төкенұлы «машинистер ұстаханасы» аталатын Аягөзде теміржолшылар отбасында дүниеге келген. Әкесі Төкен ұзақ жылдар бойы машинист, кейін машинист-нұсқаушы болып еңбек еткен. Еңбекке құрметпен қарайтын отбасында тәрбиеленген Берік бала кезінен теміржолшы мамандығының жауапкершілігін сезіп өсіп, әке жолын жалғастыруды жөн көріпті.  

Көпбаевтар әулетінің тоғыз мүшесі әр жылдары отандық теміржол саласында еңбек етіп, осы саланың дамуына өз үлестерін қосты. 1996 жылы Аягөз локомотив пайдалану депосы жанындағы машинист көмекшілерін даярлау курсын тәмамдаған Берік Төкенұлы сол жылы жолаушылар тасымалы колоннасында машинистің көмекшісі болып еңбек жолын бастапты. Жауапкершілігімен, тәртіптілігімен және кәсіби білімге деген ұмтылысымен ерекшеленген жас маман тәжірибелі әріптестерінен тағылым алып шыңдала бастайды. Үздіксіз ізденіс пен қажырлы еңбектің нәтижесінде 2002 жылы 3-класты машинист біліктілігін иеленді. Ал 2008 жылы қызметтік ауысу тәртібімен Семей локомотив пайдалану депосына келіп, жолаушылар пойыздарын жүргізуді жалғастырды. 2010 жылы 2-класты машинист дәрежесін алса, 2023 жылы теміржолшы үшін ең жоғары кәсіби деңгей саналатын 1-класты машинист біліктілігіне қол жеткізді.  

Осы отыз жылдық еңбек жолында Берік Төкенұлы мыңдаған шақырым жолды жүріп өтіп, жолаушылар пойыздарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өлшеусіз үлес қосып келеді. Машинист мамандығы ерекше қырағылықты, темірдей тәртіпті және үлкен жауапкершілікті талап ететіні белгілі. Ол – осы қағидаларды басты ұстанымына айналдырған маман. Сонымен қатар бүгінде жас мамандарға тәлімгерлік жасап, өз тәжірибесімен бөлісуде. Бұл – оның азаматтық парызы.  

– Мен туып-өскен Аягөзге Түрксіб теміржолымен қатар теміржолшы кәсібі ерте келген. Соның ішінде машинистердің тамаша мектебі қалыптасты. «Аягөз – машинистер ұстаханасы» деген сөз бекер емес. Машинист – оңай кәсіп емес. Оның жауапкершілігін мыңдаған тонна жүк тиелген ауыр құрамды немесе жүздеген жолаушысы бар вагондарды тартқан пойызды аман-есен соңғы нүктеге жеткізген жан ғана түсінеді. Физикалық, моральдық және психологиялық тұрғыдан алып қарасақ, өте қиын да күрделі мамандық. Машинист – автобус жүргізушісі емес, кез келген жерде тоқтап, қауіп-қатерді айналып өтетін. Осы отыз жылда амалсыз адам басып кетіп, мал басып кетіп шашы ағарып, депрессияға ұшыраған талай машинисті көрдім, – деп сыр бөлісті кейіпкеріміз.  

Темір жол – Көпбаевтар әулеті үшін жай ғана кәсіп емес, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан қасиетті еңбек жолы. Осынау жолды абыроймен жалғастырып келе жатқан Берік Төкенұлындай еңбек адамдары барда теміржол саласы дами бермек.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті