58 жылдан кейінгі кездесу

ҚТЖ келбеті
24.09.2026, 10:59
Оқуға 3 мин

Табиғаты көркем Көкше жеріндегі Бурабай курортының С.Сейфуллин атындағы теміржолшылар шипажайында адам айтса сенгісіз таңғажайып оқиғаға куә болдық. Бүкіл өмірін локомотив шаруашылығына арнаған қос ардагер-машинист арада жарты ғасырдан астам уақыт өткенде кездесті.

Демалып жатқандардың дені – жер-жерден келген теміржолшылар, зейнеттегі ардагерлер. Ақ шашты, төртпақ денелі, жүзі күнге тотыққан ақсақал өзін Ақтөбеден келген Қаржаубаев Иманбай деп таныстырды. Ақсақал мекеме арқылы жолдама алып Көкше жеріне тұңғыш рет келгенін айтып, көркем табиғатына тамсанып тамашалап жүргенін жеткізді.  

Келесі күні түскі асқа асханаға бет алған ақсақалдың назары таяққа сүйеніп тұрған өзі құралпы замандасына түсіп, оған сәлем береді. Екеуі асханада бірге тамақтанып, жөн сұрасады. Әлгі ақсақал бұның қай өңірден келгенін білгесін «Қаржаубаев Иманбайды танымайсың ба?» деп сұрайды. Аң-таң қалған Имекең сұрап отырған кісісі өзі екенін айтқанда әлгі ақсақал сенімсіздікпен бетіне барлай қарайды. Ол Көкшетау облысының тумасы, Бурабай локомотив депосының ардагері Мүтәліп Нугертаев болып шықты. Бұл кісілер сонау 1967 жылы Арыс қаласындағы 8 айлық локомотив машинистері көмекшісін даярлайтын курсқа келіп, танысқан екен. Алғашқы күннен кеткенше жұптары жазылмай бірге жүрген өрімдей жастар оқуды бітірген соң елдеріне кетеді. Бүгінгідей байланыстьң түр-түрі жоқ, алғашқы жылдары бір-екі рет хат алмасқанмен бірте-бірте байланыс тоқтайды. Бүгін міне, арада аттай 58 жыл өткенде кездесіп отыр. Көпке дейін құшақтарын жазбай көріскен қос қария тіпті көздеріне жас алды. Олардың тарихы шипажайға әп-сәтте тарап, көпшілік таң қалып, таңдай қағып жатты...

Имекеңнің айтуынша, сол кезде әскерден жаңа келген 21-22 жасар балаң жігіттер Қазақстанның әр тарапынан Арыс қаласына оқуға келген. Сол жерде Көкшетау облысынан келген Мүтәліп, Еркін деген жігіттермен танысып, бәрі бірге тұрады. Бос кезде жергілікті жердегі би алаңдарына барып, қыздармен танысып, көзді ашып жұмғанша курсты бітіріп, «машинист көмекшісі» деген құжат алып, қимай қоштасады.  Айтпақшы,  Имекең  Қызылорда өңірінің тумасы Саламат деген ару қызбен танысып, көңіл жарастырады. Оқу бітіргесін Ақтөбеге екеу болып оралады. Еліне барғасын Қандыағаш локомотив депосында машинист көмекшісі, машинист, инструктор қызметтерін атқарып, тәжірибе жинақтай келе Атырау локомотив депосы бастығының орынбасарына дейін өседі. Атырауда 30 жыл қызмет атқарып, Ақтөбеге оралады. Механик болып еңбек етіп 2008 жылы зейнетке шығады.  

1945 жылы 16 қыркүйекте дүние есігін ашқан Мүтәліп елге оралғасын Бурабай депосында машинист көмекшісі, машинист, инструктор қызметтерін атқарған. Депоға жұмысқа орналасқанда қазақ машинистері небәрі 6 адам болған екен. Сосын ол совхозда жұмыс істейтін талай механизатор жігіттерді сүйреп әкеп депоға жұмысқа тартқан екен. Зейнетке шыққан соң Мүтәліп ақсақал зайыбы Зағипамен бұл санаторийге жылда келуді әдетке айналдырған. 16 қыркүйек күні шипажай басшылығы мен демалушылар ақсақалды 81 жасқа толуымен құттықтады. Екі ақсақал да 58 жылдан кейін тағдыр сыйымен кездескендеріне ризашылық білдіріп, осы кездесуге себепкер болған теміржолшылардың С. Сейфуллин шипажайын ұстап отырған  ҚТЖ басшылығына алғысын жеткізуді өтінді. Ал шипажай ұжымының жұмысына табыс тіледі.

Марат Шайжан,    

Қызылорда  аймақтық  

теміржолшы-ардагерлер кеңесінің төрағасы                                                                        

 

Жаңалықтар
14.10.2026
ҚТЖ Translogistica Kazakhstan-да
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр