ҚТЖ өндірістік емес жарақаттанудың алдын алу шараларын талқылады

Қауіпсіздік
23.11.2023, 10:20

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да бөгде адамдардың жолға шығуы, мал басу, теміржол өткелдеріндегі ЖКО-лары және жеке кірме жолдардағы рельстен шығып кету жағдайларын азайту мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өтті.

Кеңеске ҚР Бас көлік прокуратурасының, ҚР Көлік министрлігі Көлік комитетінің, ҚР ІІМ, ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің, «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлікшілер одағының өкілдері және жеке жүк тасымалдаушылар қатысты.

Кеңеске қатысушылар теміржол көлігіндегі қауіпсіздіктің жай-күйін жақсарту үшін алдын алу шараларын қарастырды. Кездесуде теміржолшылар үшін нағыз өткір мәселе – темір жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтушілер екендігі атап өтілді. Адамдардың жарақат алу жағдайлары жоғары станцияларда теміржолшылар мен көлік полициясының қызметкерлері ӘТЖК рейдтер, түсіндірме әңгімелер жүргізеді, ақпараттық материалдар таратады. Алайда теміржолдағы тәртіп бұзушылардың саны азаймай тұр. Адамдар өз өмірлеріне қауіп төндіретін тәуекелдерге барып, теміржол арқылы өз жолдарын қысқартып жатады. Сонымен қатар, сапарда адам мен мал басу, көлікті соғуда локомотив бригадалары ауыр психологиялық жарақат алады.

Теміржолшылар өткелдерді кесіп өту кезінде қауіпсіздікке ерекше назар аудара отырып, жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтау қажеттігін еске салады. Биыл теміржол өткелдеріндегі ЖКО саны 27% төмендеді. Оқиғалардың басты себебі–автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін өрескел сақтамауы, олардың асығыстық таңытуы және абайсыздығы. Көбінесе бұзушылықтар қорғалмаған өткелдерде тіркеледі. Өткелдердегі ЖКО саны бойынша антилидерлер қатарында Алматы, Қостанай, Атырау және Жамбыл облыстары.

Темір жолдың жанында қараусыз жайылып жүрген мал көбінесе теміржол көлігінің істен шығуына және пойыздардың жүру кестесінің бұзылуына себеп болады. Қараусыз жайылып жүрген мал басуды болдырмау үшін пойыз машинистері биыл 2 мыңнан астам шұғыл тежеуқолданды.

Сондай-ақ, кеңесте жылдан жылға нашарлап бара жатқан жеке тармақ иелері мен өнеркәсіп кәсіпорындары кірме жолдарының жай-күйіне назар аударылды. Осы жылдың 10 айында жеке кірме жолдарда жылжымалы құрамның 190 астам рельстен шығуы орын алып, 321 вагон мен 46 локомотив зақымданды. Оқиғалардың 70% тармақ иелерінің кірме жолдарды сапасыз ұстауынан, қалғаны - маневрлік жұмыстарды жүргізу тәртібін, вагондарды тиеу және түсіру мен оларды бекіту ережелерін сақтамауынан болады. Жолдан шығып кету оқиғаларының ең көп саны Қостанай және Қарағанды жол бөлімшелерінің жеке кірме жолдарында тіркелді.

Осы мәселе бойынша теміржолшылар бірнеше рет уәкілетті органға хат жолдады. Жеке кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіретін барлық ақаулар «Пойыздар құрастырушының ескертулер кітабында» тіркеледі, содан кейін деректер уәкілетті органға жіберіледі.

Кеңесте локомотив машинистерін, жолсеріктерді, пойыз бастықтарын теміржол көлігіндегі құқық бұзушылықтарды тіркеу және әлеуметтік желіде бұзушылармен бейнені орналастыру үшін бейнежетондармен жабдықтау ұсынылды. Теріс фактілер негізінде пойыз жолаушыларының «қара тізімін» қалыптастыру керектігі айтылды.

Теміржолшыларға мал иелеріне пойыздарды кешіктіргені, инфрақұрылым мен жылжымалы құрам құрылғыларына зақым келтіргені және т.б. үшін теміржолға келтірілген залалды өтетуге кеңес берілді. Сондай-ақ, пойыз машинистері мен жол қызметкерлеріне теміржолда бөгде адамдар мен малдың жүргендігін дәлелдейтін фото және бейне растамаларды полицияға беру ұсынылды.

Кеңеске қатысушылар ҚР ІІМ мен ИИДМ министрлері қол қойған 2022-2024 жылдарға арналған ҚР темір жолында мүліктің қауіпсіздігі мен сақталу деңгейін арттыру жөніндегі жол картасын іске асырудың аралық қорытындыларын шығарды. 2023 жылға жоспарланған құжаттың негізгі іс-шаралары орындалды. Жемісті өзара іс-қимылдың арқасында қылмысқа қарсы іс-қимыл, қоғамдық тәртіпті қорғауды және теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті күшейту бойынша көп жұмыстар атқарылғаны атап өтілді.

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды