Көктемгі тексерісте теміржолшылардың әлеуметтік ахуалы да қаралады

Аймақтар
21.04.2023, 10:56
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінде көктемгі комиссиялық тексеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Сәуір айының 17-нен басталған шара алдағы мамыр айының 5-ші жұлдызына дейін жалғасады.

Осы жылы байқау шалғайдағы Ақтоғай – Аягөз телімінен басталды. Дүйсенбі күні бөлімше басшысы Владимир Бабиченко мен НЖС-6 басшысы Айдын Шәукежановтар бастаған комиссиялық топ Жүзағаш станциясына табан тіреді. Биылғы ерекшелік комиссия құрамына кадр және кәсіподақ ұйымының жетекшілері де тартылып отыр. Яғни, желі бойындағы теміржолшылардың әлеуметтік ахуалы да жан-жақты сарапқа түсуде.  

Комиссия мүшелері әсіресе екінші және үшінші класты станцияларда ұзағырақ аялдады. Шалғайдағы қызметкерлердің нормативтік құжаттамалармен жұмысы, станциялар басшыларының қызметтік журналды толтыру, жоспарлы шараларды орындау барысындағы жұмыстары қатаң тексерілді.  

Ақтоғай-Аягөз телімін толық сүзіп шыққан комиссия мүшелері Аягөз станциясында тораптық кеңес өткізді. Онда Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің Семей аймағы бойынша бас ревизоры Темірбек Ақшалов баяндама жасады. Қысқы жұмыстардың қорытындысы жасалып, әр мекеменің қызметі бағаланып, жазғы маусымдағы межелі шаралар қатары сөз болды. Жергілікті теміржолшылар да өтініштерін жеткізіп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Ал бөлімше басшысы Владимир Бабиченко Аягөз торабының ардагер теміржолшыларымен арнайы кездесу өткізіп, пікірлерін тыңдады.  

Байқау одан әрі Аягөз-Жаңғызтөбе бағытында жалғасты. Ал, апта соңына қарай Шар – Жаңа-Семей теліміне қарай ойыспақ. Одан кейін Дегелең мен Жаңа-Семей, Ауыл, Белағаш, Дүйсекен, №41 жол айрығы телімдерін сүзгіден өткізу жоспарланған.  

 

Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті