Семейде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай маңызды жобалар қолға алынды

Әлеумет
28.04.2023, 11:36
Суреттерді түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай бірқатар маңызды іс-шаралар өткізілуде. Солардың алдыңғы қатарында «Еңбек адамы» партиялық жобасы аясындағы жұмыстардың бастау алуы болып отыр.

Бұл бағыттағы алғашқы шара жуырда салалық кәсіподақ ұйымы мен «Аманат» партиясы бастауыш ұйымының ұйытқы болуымен жергілікті Семей вагон пайдалану депосында өтті. Басқосуға вагон шаруашылығының ардагерлері, депо басшылығы, партия және кәсіподақ белсенділері мен жас буын қызметкерлер қатысты.  

Жиын беташарында сөз алған бөлімше кәсіподақ ұйымының төрағасы, вагон шаруашылығында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен Құрметті теміржолшы Алик Досанов барша қауымды алдағы келе жатқан Еңбекті қорғау күнімен құттықтап өтіп, Семей теміржолшылары арасында атқарылып жатқан маңызды шаралар қатарына тоқталып өтті. Соның ішінде салалық кәсіподақ ұйымының ұйытқы болуымен жүзеге асырылған жұмыстар жайлы кеңінен сөз қозғады.  

Вагон депосының бастығы Ерзат Хасенов пен кәсіподақ төрағасы Ертай Темірбеков те сөз алып пікір білдірді.

– Мұндай кездесулердің әсіресе жас мамандар үшін берері мол болмақ. Себебі, аға буын еңбеккерлердің ерлікке пара-пар кешегі еңбек жолы баршаға үлгі. Еңбек адамын қалыптастыру жолында олардың атқарған еңбегі өлшеусіз, – деді өз сөзінде депо басшысы.  

Ардагерлер қауымы да сөз алып, кешегі күндерден жарқын естеліктерімен бөлісіп, вагон шаруашылығының қыр-сыры жайында тереңнен сөз қозғады. Байырғы Түрксіб теміржолында алдыңғы сапта жүрген олар өндіріс пен қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда зор абыройға бөленген жандар. Соның дәлелі болар, депо қызмет көрсететін желі бойында вагоншылар арасынан шыққан Құрметті теміржолшылар қатары жолшылар мен байланысшыларға қарағанда әлдеқайда артық.

– Мемлекет басшысы соңғы жолдауында «Еңбек адамы – қоғамдағы ең сыйлы адам болуы керек» деді. Семей теміржолында «Еңбек адамына» құрмет көрсетудің өзіндік жөн-жоралғысы, ізгі дәстүрі қалыптасқан. Осы жоба аясындағы шаралар бөлімше көлемі бойынша алдағы уақыттарда да жалғасатын болады. Бұл жолғы шара Дүниежүзілік Еңбекті қорғау күнімен сабақтаса өткізіліп отыр, – дейді бөлімше бойынша бастауыш партия ұйымының төрайымы Айгүл Берікболова.

Басқосу барысында сонымен қатар ВЧД-23 мекемесі бойынша бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы да сайланды. Жиынға қатысушы көпшіліктің бірауыздан дауыс беруі арқылы бұл орынға Сергей Харитонов тағайындалды. Ендігі аралықта өмірін вагон шаруашылығына арнаған, 42 жыл еңбек өтілі бар қазыналы қария Сергей Иванович ардагерлер қауымын бастап мекемедегі идеологиялық іс-шараларға белсене атсалысатын болады.  

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды