Бала-өмір бақыты

Әлеумет
04.06.2023, 16:15
Суреттерді түсірген автор

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент филиалының ұйымдастыруымен 1-маусым балалар күніне орай  өткен іс-шараға Шымкент жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Шымкент, Қазығұрт, Қызылсай, Қорғасын, Түлкібас, Манкент, Текесу және өзге станциялардан  теміржолшылардың  125 баласы қатысты.  

2-маусым күні Шымқаладағы «Firkan City» ойын-сауық орталығында ертегі кейіпкерлері мен заманауи мультфильм персонаждары жас көрермендерге тамаша мереке сыйлады.  Сондай-ақ балалар арасында эстафеталық ойындар ұйымдастырылып, топтық жарыстар өтті.  

Сонымен қатар ерке қыздар бетіне аква гримм салдыртып қуанышқа бөленді. Бұл күні «FunkyTown» ойын алаңшасының барлық аумағында 4-12 жас аралығындағы бүлдіршіндерге тегін қызмет көрсетілді. Мерекелік шоу-бағдарламаның соңы балаларға арналған пицца мен тәтті сусындары бар фуршетпен жалғасты.

Осындай көңілді кештің өтуіне ҚТЖ «Жүк тасымалы» Шымкент филиалы мұрындық болды. Бөлімше  кәсіподағының төрағасы Ермекбай Ерманов пен  Шымкент филилалының экономика және қаржы жөніндегі директордың орынбасары Арман Сабденов балақайларды құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.  

Мереке соңы берекелі іске ұласты. ҚТЖ «Жүк тасымалы» Шымкент филиалының атынан Шымкент станциясының  көпбалалы 5 отбасына 30 000 теңге қаржылай көмек, Түркістан қаласындағы ТЧЭ-33 мекемесінен  ерекше балалары бар 5 отбасыға 27 000 теңге, Сарыағаш станциясындағы көпбалалы 5 отбасыға  27 000 теңгеден қаржылай көмек берілді.

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл