«Елордаға саяхат» жобасының екінші кезеңі өтті

Әлеумет
10.08.2023, 12:17
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазкөліккәсіп» ҚБ теміржолшылардың балаларына арнап өткізіп жатқан елордаға саяхат жобасының екінші кезеңі өтті. Өткен айдағы бірінші кезеңде 60 баланың елордаға сапарын ұйымдастырған кәсіподақ бұл жолы да Атырау, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл және Түркістан облыстарынан келген тағы 60 балаға әсем астананы аралатты.    

Үш күндік саяхаттың бағдарламасы өте қызықты әрі танымдық жағы басым болды. Бірінші күні балалар мейрамханада тамақтанып алған соң елордадағы «Атамекен» этно-мемориалды кешеніне барды. Оны аралап болған соң Есіл өзенінде кемемен серуендеді. Ал екінші күнінде Мұхитаралға, Джунгли бағына, Экзотариумға барып, түрлі қызықтарға қарық болды. Сол күні түстен кейін бассейнге түсіп, пицца жасау бойынша шеберлік сабағына қатысты.  

– Балалардың елордаға саяхатын кәсіподақ 2018 жылдан бері өткізіп келеді. Тек пандемия кезінде ғана тоқтап қалғаны болмаса, басқа уақытта жалғасын тауып, осы күнге дейін өңірлерден барлығы 800 бала Қазақстан астанасында демалып қайтты. Олардың бәрі – теміржолшылардың, соның ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасылардың 10-13 жас аралығындағы балалары. Олардың Астанаға келуі мен қайту жолы, қонақүй, үш мезгіл тамақ, қаланың көрнекі орындары мен ойын-сауық орталықтарын аралауына кететін шығынын – бәрі-бәрін кәсіподақ көтереді. Биыл жазда 120 бала келді, – дейді «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Жұпарбек Сәбитов.  

Үшінші күні елордадағы кинотеатрдан заманауи кино көріп, түс ауа Ұлттық музейді аралаған балалар үшін  аниматорлар шоуы, түрлі байқаулар, ойындар, би, флешмоб, челлендждер, крио-шоу ұйымдастырылып, балмұздақ таратылды. Төртінші күні елдеріне ұшақпен ұшып кеткен балалар үлкен әсермен, көңіл-күймен аттанды.    

 – Астанаға алғаш рет келдім.  Әкем теміржолда машинист болып істейді. Астана маған өте ұнады, биік те зәулім ғимараттары ғажап. Ауылдағы достарыма айтып баратын қызықтарым өте көп, – деді қоштасарда Шу станциясынан келген Әлинұр Есдәулетов.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті