Кәсіподақтың маңыздылығы артып келеді

Әлеумет
10.10.2023, 15:35
Суретті түсірген автор
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Бүгін, 10 қазанда елімізде Кәсіподақ күні аталып өтіледі. Осы датаға орай салалық кәсіподақтың бөлімшелерінде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Сондай шараның бірі «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» жұмыскерлерінің жергілікті кәсіп одағы» ҚБ-да өтті.  

Есеп беру конференциясы түрінде өткен жиында кәсіподақтың 2023 жылы атқарған жұмыстары баяндалып, алдағы жұмыс жоспарлары таныстырылды.

Аталған кәсіподақ 2015 жылы жергілікті кәсіподақ болып қайта құрылған. Қазір кәсіподақтың 656 мүшесі бар және олар 43 құрылымдық бөлімшеде жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі жұмысшылар, атап айтқанда қауіпсіздік,  тексеру инспекторлары, оператор, көлік жүргізушілері.  

Жергілікті кәсіподақтың төрайымы Гүлжан Шамкенованың айтуынша, еңбек ұжымының мүддесі мен оларды әлеуметтік, яғни материалдық жағынан қорғау бағытында жұмыстар тоқтаған емес. Жұмысшылардың және олардың балаларының денсаулығын сауықтыруға қаржы бөлу мәселесі де артып келеді.

«Қиын жағдайда қалған жұмысшыларға кәсіподақ қолынан келгенше көмектесіп келеді. Жұмысшылардың жақындары өмірден өтсе немесе балаларын үйлендіріп жатса материалдық көмек көрсетеміз. Одан бөлек ұжымдық демалысқа да көлік бөліп тұрамыз, биыл жүзден астам адам Астана маңында демалуға барды. Сондай-ақ ай сайын «Астана» спорт клубына деп 20-ға жуық бір айлық тегін абономент береміз. Оған қоса ұжымдық келсімшартқа да көңіл бөліп отырмыз. Яғни, жұмыс берушінің ұжымдық келсімшартты орындауын бақылап отырамыз», – дейді Г.Шамкенова.  

Конференцияға қатысқан «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Бақытжан Қуанышев кәсіподақ қызметкерлерін бүгінгі мерекелерімен құттықтап, қазіргі қиын заманда жұмысшылардың мүддесін қорғауда кәсіподақтың маңызы зор екенін атап өтті.

Сондай-ақ ол «Қазкөліккәсіп» ҚБ-де теміржолшылардың саны басым екенін, нақты олардың 107 мыңдай мүшесі барын айтты. Оған қоса кәсіподақ қазір жұмыс беруші мен қызметкердің арасында алтын көпір болып, екі жаққа да оңтайлы шешімдер шығаруда үлкен рөл атқарып отырғанын жеткізді.

«Еңбек адамының әлеуметтік мүддесін қорғайтын –  ұжымдық шарт. Ол үш жылға жасалады. Қазір біздің ұйымға кіретін барлық жергілікті кәсіподақтарды осыған бағыттап жатырмыз. Еліміздегі соңғы саяси өзгерістердің нәтижесінде кәсіподақтың рөлі артып келеді. Өйткені кәсіподақ жұмысшылардың мүддесін қорғаудағы басты ұйым», – деді ол.  

Конференция барысында белсенді кәсіподақ мүшелері алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтар табысталды.  

Әлемде
15.04.2026
Перуде болған пойыз апатынан кейін теміржол қауіпсіздігі ережелері қайта қаралуда
Жаңалықтар
15.04.2026
Жаңа буын бағыттамалары сынақтан өтуде
Жаңалықтар
15.04.2026
Қазақстан мен Түркия сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
Әлемде
15.04.2026
Alstom сәтсіздікке қарамастан сутегі жобасына инвестиция салуға мәжбүр
Жаңалықтар
15.04.2026
Теміржол нысандарында бақылау шаралары күшейтілді
Әлеумет
15.04.2026
Түркістан теміржол вокзалында жолаушыларға «Заң мен тәртіп» қағидаттары түсіндірілді
Жаңалықтар
15.04.2026
Қазақстан контейнерлік пойыздарды құраудың жаңа моделіне көшті
Жаңалықтар
15.04.2026
Тасымалданған жүктің жалпы көлемі 8%-ға артты
Жаңалықтар
14.04.2026
Ақтау мен Құрық порттарын жаңғыртуды жеделдету қажет – Олжас Бектенов
Әлемде
14.04.2026
Alstom компаниясы Румынияға алғашқы Traxx электровозын жеткізді
Жаңалықтар
14.04.2026
ҚТЖ паркі жаңа техникамен толықты
Жаңалықтар
14.04.2026
Көлік министрі еліміздің транзиттік-көлік әлеуетін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді
Инфрақұрылым
14.04.2026
Семейде жол жөндеу жұмыстары қарқын алды
Аймақтар
14.04.2026
Мамандар желі бойындағы құрылғыларды тексеруде
Сұхбат
14.04.2026
Қарыз қалай қайтарылады?
Жаңалықтар / Инфографика
14.04.2026
ҚТЖ ТХКБ бойынша тасымалдау жылдамдығын арттыру үшін жаңа логистикалық шешімдерді енгізуде
Жаңалықтар
14.04.2026
Инфрақұрылымды жаңғырту сөз болды
Жаңалықтар
14.04.2026
Электропойыздарды жөндеу сапасы жаңа деңгейге көтерілді
Аймақтар
14.04.2026
Атыраудағы техникалық тексеру Құлсарыдан басталды
Жаңалықтар
14.04.2026
Ғасырдың дара тұлғасы