Семей теміржолшыларына жаңа ұжымдық шарт түсіндірілді

Әлеумет
29.01.2024, 12:35
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жыл басынан бастап Семей ЖТ бөлімшесі бойынша теміржолшылар қауымы арасындағы ақпараттандыру, түсіндіру жұмыстары күшейтілген түрде жүргізілуде. Тақырып аясы кең, атап айтсақ, еңбек қауіпсіздігін сақтау, ұжымдық шарт негіздерін түсіндіру, сала қызметкерлері арасында туындаған әлеуметтік тақырыптағы сауалдарға жауап беру болатын.

Жуырда аталмыш бағыттағы шаралар Жаңа-Семей және Семей станциялары бойынша қорытындыланды. Мәселен, еңбеккерлер саны көп, өндірістік процестер аса ауқымды, тораптық Жаңа-Семей станциясында 148 адамды қамтыған екі күндік жиын өткізілді. Басқосу барысында бөлімшенің өндірістік қауіпсіздік және экология бөлімінің жетекші инженер-технологы Бекзат Кәрімханов өндірістегі қауіпсіздік мәселелер туралы сөз қозғады. Бұл орайда Шу станциясындағы 21-ші қаңтар күні орын алған қайғылы жағдай тақырып өзегіне айналды. Оқиға бойынша түсінік беріп, қауіпсіздік мәселелерін слайд түрінде жеткізген Бекзат Нұрланұлы сақтық шаралары мен қауіпсіздік ережелерін де еске салды.

– Біздің ең бірінші байлығымыз – компания қызметкерлері. Еңбек қауіпсіздігі ешқашан күн тақырыбынан түскен емес. Желі бойында жазатайым оқиғаларды болдырмау – баршамызға ортақ міндет,- деп атап өткен Бекзат Нұрланұлы бөлімше бойынша қауіпсіздікті арттыру мақсатында жасалынып жатқан шараларға кеңінен түсінік берді. Бұл орайда теміржолшылар қауымының да пікірін білді. Ал, сөз алған сала қызметкерлері ұлттық компания бойынша еңбеккерлер өмірі мен құқығын қорғау шараларының жылдан жылға жақсарып келе жатқанын айтты.  

Ал, жоспарлау-экономикалық бөлімінің жетекші инженері Арайлым Қосанова мен персоналмен жұмыс жасау бөлімінің менеджері Арайлым Қосановалар өткізген дәріс барысында сұрақ-жауап көп болды. Жыл басынан бастап күшіне енген жаңа ұжымдық шарт пен әлеуметтік қолдау көрсету төңірегінде қызу әңгіме өрбіді. Теміржолшыларды қызықтыратыны мезгілінен бұрын зейнеткерлікке шығумен Семей сынақ полигоны зардабын шегушілер үшін жасалатын жеңілдіктер болды. Бұл орайда биылғы ұжымдық шартта да жаңашылдықтар бар екен.  

Сонымен қатар, аталған жиын барысында теміржолшылар тарапынан көптеген мәселелер бойынша сұрақтар қойылды. Еңбекақы төлеу, жұмыс берушінің міндеттері, зейнеткерлер мен ардагерлерге жасалатын жәрдем, соның ішінде мерекелер мен атаулы күндері берілетін сыйақылар көлемі, еңбеккерлерге арналған әлеуметтік пакет жайлы кеңінен сөз өрбіді.

Бұл ретте Арайлым Маратқызы мен Жансая Слямбекқызы арнайы әзірленген слайд арқылы жиналған қауымды кең көлемде ақпараттандырды. Сонымен қатар, алдағы уақыттары түсінбеген мәселелер бойынша бөлімшенің есеп бөлімі мен персоналмен жұмыс жасау бөліміне және кәсіподақ ұйымдарының төраға-төрайымдарына жолығып, өздерін толғандырған мәселелер жайлы жауап алуға болатынын да жеткізді. Еңбеккерлер үшін әрдайым есік ашық.  

– Кез-келген түсінбеушіліктің соңы ренішке, тіпті бүлікке де әкелуі мүмкін. Ал, дер уақытында ақпараттандыру, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ортақ диалог алаңын ұйымдастыру жұмыс барысының жайлы жүруіне де ықпал етеді. Мұндай шаралар біздің бөлімшемізде көптеп ұйымдастырылады, – дейді ұйымдастырушылар.

Расында да қызметтегі ашықтық, ақпараттандыру – маңызды мәселе. Сондықтан да болар, ел шығысындағы сала қызметкерлері арасында наразылық, еңбек даулары мен келіспеушіліктер жоқ.  

Ал, осы бағыттағы шаралар қаңтар айының басынан бері Шар, Аягөз, Дегелең сынды тораптық станцияларда ұйымдастырылды. Жиын барысында жергілікті теміржолшылар тарапынан арыз-шағым айтылмағанына қарағанда жүргізіліп жатқан жұмыстардың жүйелі де нәтижелі екендігіне көз жеткіузге болады.

 

Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды