Семейлік теміржолшылар 65 тонна гуманитарлық жүк жөнелтті

Әлеумет
16.04.2024, 12:16
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылар «Amanat» партиясының облыстық филиалымен бірлесіп, еліміздің су тасқыны орын алған аймақтарына гуманитарлық жүк жөнелтті.

Ерікті жастардың жәрдемімен 65 тонна болатын азық-түлік, тұрмыстық бұйымдар тиелген арнайы пойыз Қостанай облысымен Арқалық қаласына жолға шықты. 

Көмекке партияның аудандық филиалдары, шалғайдағы аудандық және ауылдық округтер әкімдіктері, жергілікті атқарушы орган өкілдері, депутаттар, кәсіпкерлер, Әйелдер қанаты, Жастар ресурстық орталығы, түрлі қоғамдық ұйымдар, әлеуметтік мекемелер атсалысты. 

Бұл жүк небары үш күннің ішінде жиналыпты. Семей ЖТ бөлімшесі арнайы вагон бөліп, гуманитарлық көмекті діттеген жерге жеткізуді міндетіне алды. 

Жалпы сомасы 20 млн теңгеден асатын алғашқы қажеттіліктегі тауарлар жүк қабылдап тапсырушылардың нұсқауымен тиеліп, оған колледж студенттерінен тұратын жүзден аса ерікті жас жұмылдырылды. 

Сондай-ақ, аса қажетті құрылыс материалы ретінде жалпы көлемі 68 тонна болатын жергілікті зауытта өндірілген цемент те жөнелтілді. 

– Бұл қиындық барша қазақстандықтарды біріктірді. Ұлттық компанияның бастамасымен теміржолшылар қауымы да алғы шептен табылып, қайырымдылық шараларына жұмыла кірісті. Ал, бүгінгі тиелген жүкті арнайы вагонмен диспетчерлік бақылау арқылы қысқа мерзім ішінде су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге жылдам жеткізетін боламыз, – дейді қайырымдылық акциясын ұйымдастырушылардың бірі Семей ЖТ бөлімшесі бастығының орынбасары Ерғазы Жұмаділов. 

Бір бұл емес, семейлік теміржолшылар су тасқыны орын алған Абай облысының аудандарына да көмек көрсетіп жатыр. Мәселен, осыған дейін Аягөз станциясында арнайы бөлінген платформа арқылы ауыр жүк көліктері қызыл су қаупі артқан Таңсық станциясына жөнелтілген еді. Мұның сыртында теміржолшы жастар да қайырымдылық заттарын қабылдайтын орталықтарға азық-түліктен бастап үрлемелі қайыққа дейін әкеліп өткізуде. Сөз соңында айта кетсек, Семей ЖТ бөлімшесі бойынша су тасқыны қаупі әлі толықтай сейілген жоқ. Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметіне сүйенсек, ел шығысында, Алтай тауының сілемдерінде 55 пайыз қар жамылғысы жатыр. Желі бойын кесіп өтетін Бұқтырма, Жура, Үлбі сынды өзендердің көтерілу қаупі жоғары болып отыр. Яғни, шығыс жұртшылығы су тасқынының екінші толқынына даярлық жұмыстарын жүргізуде. 

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады