Астанада кәсіподақтың VI есептік сайлау конференциясы өтті

Әлеумет
11.07.2025, 08:22
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астанада «Қазкөліккәсіп» ҚБ филиалы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бойынша VI есептік сайлау конференциясы өтті. Осыған дейін филиалдың 14 бастапқы ұйымында өткен жиынның бұл қорытындысы деуге болады.

Кәсіподақтың соңғы 5 жылдағы жұмыс нәтижелері сөз болған жиында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС кәсіподағының төрағасы Ермек Төлегенов қазіргі таңда 47 мыңнан астам теміржолшы мүше болып отырған қоғамдық ұйымның жаңадан сайланған кәсіподақ басшыларын құттықтады. Конференция жұмысына «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС директорының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Марал Марасилов қатысып, сөз сөйледі.  

Аталған филиалда 2020-2025 жылдар аралығында ауқымды жұмыс атқарылған. Атап айтқанда, пандемия кезінде ковидпен ауырып қалған теміржолшыларға көмек беруден бастап, түрлі табиғи және өндірістік бағытта апаттарға ұшыраған қызметкерлерге материалдық жәрдем беру, балаларды лагерьмен, жұмысшыларды санаториймен қамтамасыз ету, ресми мерекелерде сан алуан мәдени-спорттық іс-шаралар өткізу, еңбегі сіңген сала мамандарын марапатқа ұсыну және тағы да басқа жұмыстар туралы Е.Төлегеновтің баяндамасында айтылды.  

– Кәсіподақтың қызметі оған мүше қызметкерлердің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау, материалдық көмек көрсету және түрлі бұқаралық-мәдени іс-шаралар ұйымдастырудан тұрады. Әсіресе қазіргі таңда жұмыс берушілер тарапынан еңбек өнімділігін арттыру, штат пен қызметкерлер санын оңтайландыру мақсатында шешімдер қабылданып жатқан тұста кәсіподаққа жүктелер міндет екі есе артты. Еңбек ұжымдарындағы осындай өзгерістермен байланысты ахуал кәсіподақ тарапынан салмақты, саналы, тиімді шешімдер қабылдап, соған сай әрекет етуді талап етеді. Осы жолда аянбай еңбек етіп, кәсіподақ ісін дамытуға әрқайсымыз атсалысайық, – деді ол.  

Жиын барысында өңірлердегі теміржолшылардың мәселелерін ортаға салу үшін Маңғыстау, Семей, Ақтөбе, Астана, Алматы теміржол бөлімшелерінің кәсіподақ басшыларына сөз берілді. Маңғыстау ЖТ бөлімшесі кәсіподағының төрағасы Әзірбай Тұрмағамбетовтің түбек теміржолшылары атынан жеткізген ұсыныстары хаттамаға тіркелді. 45 делегат қатысқан конференция жұмысы филиал төрағалығына Е.Төлегеновті қайта сайлады.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды