Вокзалдағы кәсіпкерлердің құқықтары қорғалады

Әлеумет
14.07.2025, 12:07

Теміржол саласы – еліміздің транзиттік әлеуетін арттыратын, экономикалық қауіпсіздік пен аймақтық дамудың тірегі саналатын стратегиялық сала. Бұл бағытта қызмет ететін кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және олардың бизнесіне негізсіз араласуларға жол бермеу – прокуратура органдары жұмысының басым бағытының бірі.

Прокуратура теміржол вокзалдарында және тасымал инфрақұрылымында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қатысты тексерулердің заңдылығын қамтамасыз етіп, «заңға бағынатын бизнес – қорғалатын бизнес» деген қағидатты ұстанады.

Прокуратура органдары  кәсіпкерлерге қатысты негізсіз тексерулерді азайту бағытын ұстанып, негізгі қағидасы - заңға бағынатын бизнес бюрократия мен басымшылықтан зардап шекпеу.  

Бұл бағытта Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №162 бұйрығымен бекітілген Қағидасы ерекше рөл атқарады.  Ол кәсіпкерлерге қатысты тексерулерді жүргізу тәртібін нақты реттейді.  Прокурорлар әрбір тексерудің заңдылығын тексеріп, қадағалап отыруға міндетті.  

Мысалы, осындай міндеттерді орындаудың нәтижесінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің көліктегі департаментімен (бұдан әрі – Департамент) 2025 жылы мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік субъектілердің қызметіне қатысты 531 тексерулер тіркелуге жолданып, оның ішінде, 18 тексерулер тіркеуден бас тартылған және 6 тексерулер заңсыз деп танылып, осы заң бұзушылық фактілері бойынша 24 прокурорлық қадағалау актілері енгізілді, нәтижесінде 32 лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылған.  

Сонымен қатар вокзалдар мен жүк тасымалдау орындарында кәсіпкерлердің өтініштерін жедел қабылдайтын прокуратураның мобильді топтары тәулік бойы жұмыс істейді. Бұл топтардың мақсаты – заңсыз тексерулерді болдырмау, тексеру жүргізу орнында дереу болу, кәсіпкерлердің құқығын жедел қорғау.

Цифрлық бақылаудың негізгі құралы – "Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі" автоматтандырылған жүйесі. Бұл жүйе теміржол саласындағы бизнеске қатысты кез келген тексеруді тіркеуді, заңсыздықтарды болдырмауды қамтамасыз етеді.

Теміржолдағы инвесторлар мен жүк тасымалында жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін де жеке қорғау тетіктері бар. Енді олармен байланысты барлық тексерулер мен әкімшілік істер электронды түрде ғана прокурорлармен келісіліп, «Qamqor» мобильді қосымшасы арқылы бақыланады.

Теміржол саласындағы кәсіпкерлердің заңды құқықтарын сақтау – тек бизнес мүддесін қорғау емес, бұл – елдегі логистикалық тұрақтылық пен транзиттік табыстың негізі. Бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай да жүйелі түрде жалғасып, күшейтіле түседі.

 

Талғат Айнабеков 

Көліктегі департаменттің аға прокуроры

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті