Үш жақты меморандумға қол қойылды

Әлеумет
04.11.2025, 09:20
Оқуға 2 мин
Cуретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Отбасы банк» АҚ және «Нысандарды салу жөніндегі компания» корпоративтік қорының қатысуымен теміржолшылар үшін «Қолжетімді баспана» пилоттық жобасын іске асыру жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Құжатқа «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов, «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова және «Нысандарды салу жөніндегі компания» корпоративтік қорының бас директоры Сапар Нұрашев қол қойды.  

– Бүгін бізде маңызды миссия, «Қолжетімді баспана» пилоттық жобасын жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойып жатырмыз. Бұл жоба теміржолшыларды жеңілдіктер жағдайында заманауи және қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге бағытталып отыр. Және ол теміржолшылардың әл-ауқаты мен әлеуметтік жағдайын жақсарту жөніндегі Компанияның жүйелі жұмыстарының жалғасы болып табылады. Бұл бастаманы іске асыру біздің серіктестеріміз «Отбасы банк» пен «Нысандарды салу жөніндегі компания» корпоративтік қорының арқасында мүмкін болып отыр. Жоба Қазақстанның барлық өңіріндегі теміржол саласы еңбеккерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етудің ауқымды бағдарламасына алғашқы қадам деген ойдамыз. Осы ретте, серіктестерімізге қолдау көрсетіп, бірлесіп жұмыс істеуге ниет білдіргендері үшін үлкен алғыс айтамын. Бұл жоба адамдардың өмірін жақсарту жолындағы мемлекет, қаржы институттары және ұлттық компанияның тиімді өзара әрекет етуінің үлгісі болатынына сенімдімін, – деді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов.  

Өз кезегінде ұлттық компания серіктестерінің жетекшілері де өз сөздерінде «Қолжетімді баспана» пилоттық жобасы еліміздегі ірі жұмыс беруші компания еңбеккерлерінің тұрмыстық жағдайы мен әл-ауқатын жақсартуға үлкен септігін тигізерін атап өтті. Шынында, бұл жоба компанияның әлеуметтік саясатқа қосқан маңызды үлесі болуымен қатар кадрлардың кәсіби өсуіне қолдау болмақ.  

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды