Теміржолшы әйелдер форумы өтті

Әлеумет
18.09.2026, 08:52
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елордада «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ-нің ұйымдастыруымен Әйелдерді дамытуға арналған корпоративтік форум өтті. Мақсат – теміржол саласында еңбек ететін әйел қызметкерлерге психологиялық көмек және эмоционалдық күйзелістің алдын алу. Екі күндік іс-шараға ел теміржолында түрлі қызметте еңбек ететін 40 шақты әйел қатысты.

Жиынды ашқан қоғамдық бірлестік төрағасы Оразғали Ахметбаев форум жұмысына сәттілік тілеп, түрлі деңгейдегі басшылық қызметтегі әйелдерден бастап инженерлер мен техниктер, электромонтерлер мен механиктер, диспетчерлер, қаржы-есеп мамандары мен сарапшылар т.т. қатысып отырған нәзікжандылардың бүгінгі басқосуы табысты да мазмұнды боларына сенім білдірді.  

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бағдарлама тұжырымдамасының негізінде эмоционалдық әл-ауқатты нығайтудың заманауи тәсілдері және әйелдің ішкі тұрақтылығын қалыптастыратын бес құндылық жатыр. Атап айтқанда, олар - эмоционалдық тұрақтылық, ішкі ресурстар, энергия және тепе-теңдік, болашақ технологиялары.  

Бағдарламаның бірінші күні эмоционалдық тұрақтылық және ішкі ресурстар тақырыбына арналды. Тренерлер қатысушыларға алдымен қазіргі әйел өміріндегі сын-қатерлер және олардың эмоционалдық жағдайға әсері, эмоционалдық интеллект, саналылық және эмоционалдық икемділік, психологиялық күйі, ішкі тұрақтылықтың негізі туралы түсіндірді. Практикалық сессияда жеке энергия көздері мен эмоционалдық триггерлерді анықтау, эмоционалдық өзін-өзі реттеу, ішкі ресурстарды қалпына келтіру, эмоционалдық тепе-теңдікті сақтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Одан әрі ұйымдастырушыларға өмірлік энергияны басқару, жеке ресурстар мен қалпына келу факторларын анықтау туралы ақпараттар берілді.  

Форумның екінші күнгі тақырыбы «Шабыт. Болашақ технологиялары және шығармашылық арқылы қалпына келу» деп аталды. Бұл күні қатысушылар ALEM.AI халықаралық ЖИ орталығына барып, заманауи технологиялармен, әлемдік цифрлық трендтермен танысты. ЖИ-ді кәсіби қызметте, білім алуда және күнделікті өмірде пайдалану мүмкіндіктері жайында мәліметтерге қанықты. Одан әрі шығармашылық шеберлік сабақтары өткізілді. Соңында екі күннің негізгі нәтижелері ой елегінен өткізіліп, қатысқан әйелдер алған әсерімен бөлісті.  

– Теміржолда 23 жылдан бері жұмыс істеймін. Әйелдер үшін мұндай іс-шаралардың ерекше маңызы бар екенін атап өткім келеді. Бүгінгі таңда жұмыс істейтін әйелдер көптеген міндеттерді бір өзі атқарады, яғни отбасын да, жұмысын да қатар алып жүреді. Сондықтан уақытында тоқтап, күш-қуатыңызды қалпына келтіріп, эмоционалды тепе-теңдікті сақтауды үйрену өте маңызды. Бұл форум бізге осы бағытта жаңа білім алуға ғана емес, өзімізді, ішкі ресурстарымызды жақсы түсінуге, стрессті жеңуге және бірбірімізді қолдауға мүмкіндік берді. Тренермен жұмыс істеу, практикалық тапсырмалар мен қатысушылар арасындағы қарым-қатынас арқасында форумның атмосферасы өте жылы болды. Біз бұрыннан білетін таныс нәрселерге жаңа көзқараспен қарап, тың дүниені үйрендік, – дейді «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Павлодар филиалы кәсіподақ комитетінің және Әйелдер істері жөніндегі кәсіподақ комиссиясының төрайымы Айгүл Махметова.  

Корпоративтік форумға қатысқан барлық әйелдерге сертификат берілді және бағалы сыйлықтарға ие болды. Екі күндік іс-шара нәзікжандылар көңілінен шығып, білім көкжиегін кеңітумен қатар көтеріңкі көңіл күй сыйлады.  

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды