Аты аңызға айналған теміржолшы еді...
Қазақ темір жолының тарихы тағылымға толы. Күні кеше осы салада жанқиярлықпен еңбек етіп, шойын жолды бүгінгі буынға аманаттаған алдыңғы буынға қашанда құрмет зор. Семей өңірінің теміржолшылары үшін өмірі мен еңбек жолы аңызға айналған сондай даңқты тұлғалардың бірі Қапсидар Омаров десек қателеспейміз.
Артында өшпестей із қалдырған теміржолшының туғанына биыл 100 жыл. Міне, осынау айтулы датаға орай Семей бөлімшесіндегі «Түрксіб – Семей» мұражайында тарлан теміржолшыны еске алуға арналған салтанатты шара болып өтті.
Жергілікті ұлт өкілінен шыққан алғашқы саласы басшыларының бірі де бірегейі болған Қапсидар Омаров ол жылдары қазақтың қара домалақтары көп жолай бермейтін сигнализация, белгі беру-байлнаыс саласын таңдаған екен. Таңдап қана қоймай, осы салаға талай қарадомалақтарды тартып, баулып өсірген. Оның тәрбиесін көрген, тәлімін терген теміржолшылардың көпшілігі кейін аталмыш саланың майталмандарына, білікті басшыларына айналды. Бұл жайында Қапсидар Омаровтың еңбек жолына шолу жасаған мұражай басшысы Мақсұт Көшжанов жан-жақты мағлұмат берді. Ардагердің өзі де заманында даңқты тұлғаның қол астында қызмет етіп, шарапатын көріп, қамқорлығын сезінген екен, сондықтан ұлы ұстаз санайтын жан туралы тебірене естелік айтты.
Сонау соғыс жылдарында қазақтан шыққан тұңғыш Семей белгі беру және байланыс дистанциясының директоры Қапсидар Омаровтың еңбек жолы ерлікке пара-пар жанқиярлыққа толы болғаны байқалады. Атап айтқанда, тұлғаның Түрксіб теміржолындағы байланыс саласын автоматтандыруға қосқан үлесі ұшан-теңіз. Соның бір айғағы, 1964 жылы Мәскеуде өткен көрмеде өндірістегі өнертапқыштығы үшін қола медаль иеленген.
Жиында сөз алған Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Талғат Еспанов ардагердің бүгінгі шәкірттері жайында сөз қозғады.
Теміржолшылар арасында ШЧ-да қызмет атқаратын мамандарды «Теміржол интеллигенциясы» деп атау қалыптасқан. Әрине, ол қызметтің күрделілігіне байланысты аталса керек. Ол заманда бұл қызметке біздің ұлттың өкілдерін «қолдарынан келмейді» деп көп жібере бермейді екен. Бұл қасаң қағиданы алғаш болып бұзған Қапсидар Омаров болды. Сөйтіп, Қазақстан бойынша тұңғыш рет қазақтан шыққан байланыс саласының басшысы атанды. Сонымен қатар, Қапсидар ағамыз осынау қызметке лайықтап тұтас буынды тәрбиелеп кетті. Мәселен, кейіннен байланыс саласына басшылыққа келген Айткен Белгібайұлы бастаған бір топ жаңа толқын қалыптасты. Ал бүгінгі Семей белгі беру және байланыс дистанциясының жас басшысы Бейбіт Түменғали да, оның әкесі мен ағалары да дара тұлғаның ізін жалғастырып, осы салада еңбек етіп жатқан жандар. Қорыта айтқанда, Қапсидар Омаров темір жол саласының СОБ, сигнализация және байланыс саласында ұлттық кадрлардың тұтас бір мектебін қалыптастырып кеткен дара тұлға болды, – деді Талғат Жұманұлы.
Шарада Қапсидар Омарұлымен 1950 жылдары бірге еңбек еткен, Семей белгі беру және байланыс дистанциясының аға инженері болған, бүгінде жасы тоқсаннан асқан қарт ардагер Дмитрий Литвиненко да сөз алып, естеліктерімен бөлісті. Бүгінде сағынышқа айналған әріптестің жұмыс істеу тәртібі, жастарға жасаған қамқорлығы жайында ой өрбітті. «Өкініштісі, бергенінен берері көп Қапсидар Омарұлының өмірі тым қысқа болды. Ол 1967 жылы кенеттен дүние салмағанда әлі де көп іс тындыратын еді...», деді ардагер.
Басқосуға сонау Мәскеу қаласында тұратын Қапсидар Омарұлының қызы арнайы шақырылыпты. Әкесі жайында естеліктерімен бөліскен Әлия Қапсидарқызы осынау тағылымды іске ұйытқы болған Семей темір жолы басшыларына, мұражай ұжымына алғысын білдірді.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды