Арыста туған Арысбек  

Әлеумет
24.08.2016, 12:01
Оқуға 4 мин
Зулап өтіп жатқан жылдар Оңтүстікке танымал теміржолшы Арысбек Тастанбекұлын да талай белеске шығарып, міне,  алпыстың үшеуі – пайғамбар жасына жеткізіп отыр... Атақты Арыс станциясының іргесіндегі Ақпан бекетінде теміржолшылар отбасында дүниеге келген Арысбектің  әкесі Тастанбек бүкіл өмірін  жергілікті жол дистанциясында қатардағы жолшы болып өткізген. 1968 жылы Түлкібас станциясындағы мектеп-интернаттың 8 сыныбын бітіріп, Алматы темір жол техникумының «Автоматика, телемеханика және байланыс» бөліміне оқуға түскен теміржолшы Тастанбектің ұлы 1972 жылы оны бітіріп келіп, Шымкент  сигнал беру және байланыс дистанциясына жұмысқа орналасады. Кейіпкеріміздің 44 жылға созылған еңбек ғұмырнамасы осылай басталыпты... Өндірістен қол үзбей Алматы теміржол институтын «Темір жолдарды пайдалану» мамандығы бойынша сырттай оқып бітірген Арысбек 1979 жылы мамандығын ауыстырып, Бадам станциясында кезекші болып  орналасады. 1984 жылдары Бадам станциясында кезекші, одан бөлімшенің қозғалыс бөлімінде пойыз диспетчері, бөлімше бойынша кезекші қызметтерін атқарып, қозғалыс саласында тәжірибе жинақтаған Арысбек  Тастанбекұлы 1984 жылы Арыс станциясының  бас инженері болып тағайындалады. Осы жылдары станцияда жаңа техникалар енгізу, парк жолдарын ұзарту жұмыстары қызу жүргізіліп жатқан кез болатын. 1989 жылы станция бастығы қызметіне тағайындалады. 1985-1990 жылдар темір жолда жүк тасымалдау көлемі шарықтап өскен кез болды.  Шекаралық Шенгелді станциясынан тәулігіне Өзбекстан жаққа 75-80 жүк пойыздары өткізілсе, сонша пойыз біздің жаққа қабылданып отыратын. Ал, осы жүк пойыздарының 90 пайызға жуығы Арыс станциясында қайта сұрыпталып, жаңа пойыз құрамалары жасақталып жатты. Бұл жылдарда бөлімшені Социалистік Еңбек Ері Әуезхан Салықбайұлы басқарды, – дейді кейіпкеріміз.             Арысбек Тастанбекұлы 1991-1993 жылдары Шымкент темір жол бөлімшесінде Қозғалыс қауіпсіздігі саласында Бас ревизор қызметін атқарады. 1997 жылы сол жылдардағы темір жолдарымызда жүргізілген құрылымдық өзгерістерге сәйкес «Түркістан темір жолы» Басқармасы құрылған кезде  пойыздар қозғалысы қызметінің бастығы, сосын Шымкент станциясының бастығы қызметтерін атқарып,  ал 2000-2002 жылдары Алматы темір жол бөлімшесінің Қытаймен шекаралас «Достық» станциясына жіберіледі.   2000 жылдың қаңтар айының басында сол кездегі «ҚТЖ» РМК вице-президенті Қалтай Самбетовтің қабылдауында болдым. Ол кісі маған Достық станциясының бастығы болып барасың деді. Не керек, сол кездегі бас директор Абылай Мырзахметовтың бұйрығын алып, Достық станциясына кеттім.  Ол кезде Достық станциясы II класты болатын. Станцияда пойыздар алмасу үлкен қиыншылықпен жүргізіліп жатқан кезі еді. Күн сайын пойыз саны өсіп, жүк тасымалы көлемі артып отырған жағдайда станцияның техникалық жарақтандырылуы кешеуілдеп, инфрақұрылымдары дамымай қалғаны көзге ұрып тұратын. Не істеу керек? Қытай темір жолы басшылығымен келісе отырып, станцияны үлкейтуді – пойыз қабылдау, пойыз жөнелту мүмкіншілігін арттыру мәселелерін шеше бастадық. Станцияның жұмысын жақсарту мақсатында Министрлер Кабинетінің №868 қаулысы қабылданды. Аз уақыттың ішінде станцияға 4 жаңадан жол салынды. №2,4,5,6 жолдар ұзартылды. Нәтижеде, 2000 жылдың 10-12 маусым айында Достық станциясының таныстырылымы  өтіп,  жиынға 60 елдің делегаттары, көлік министрліктері мен ірі компания басшылары қатысты. Аз уақытта шекаралық бекеттің танымалдығы артып, ісі оңға баса берді. Нәтижеде, алғашында II класты болып ашылған Достық станциясы барлық өндірістік көрсеткіштері бойынша I класты станцияға, кейіннен кластан тыс «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы болып тіркелді, –  деп еске алады шығыс шекарада өткен күндерін  Тастанбеков. Темір жолда жүргізілген өзгерістер кезеңі тәжірибелі маманды 2002-2009 жылдар аралығында талай жерге жұмсаған екен.  Көкшетау бөлімшесінің Бурабай станциясын басқарды, одан Жамбыл  жүк тасымалы агенттігінің директоры болды, «Қазтеміртранс» және «Кедентранссервис» компанияларында да еңбек етті.  2009 жылы елге оралып, жұмысы қауырт Қазығұрт станциясының бас инженері болып тағайындалады. Ал 2014 жылдан бері бөлімшеде пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ревизор қызметін атқаруда. Жуырда пайғамбар жасына толғалы отырған тарлан теміржолшы өткен өміріне өкініші жоқ. Үш қызы мен ұлы түгел әке жолын қуды.  Бүгінде Бауыржан Арысбекұлы Қазығұрт станциясының бас инженері.  Ендігі арманы қырық жыл «аттың жалы, түйенің қомында» өткен бейнетті өмірдің зейнетін де көріп, жұбайы Гүлнәр екеуі немерелерінің тәрбиесімен айналыспақ.

Құлахмет Темірбеков, Шымкент

Құрметті теміржолшы 

Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды