Шетпенің тауар кассирі
Цемент пен қиыршық тастың отаны Шетпе станциясы Маңғышлақ пен Бейнеудің ортасында орналасқан. Келіп-кетіп жататын жүк және жолаушы құрамаларының дүрсіліне тұрғындардың құлағы үйренген.
Пойыздың шуына құлағымыз үйренгені сонша, тыныштыққа тосырқай қараймыз. Біз үшін ары-бері зулап жатқан пойыздар, жүк тасыған құрамдар қайнаған өмір, тіршілік көзі секілді, ал тым-тырыс өлі тыныштық біртүрлі тосын, – дейді Шетпеде 38 жыл тауар кассирі болып еңбек етіп келе жатқан Тыныштық Қалиева.
Атырау темір жол техникумын бірітрген Тыныштық Тобағұлқызы теміржолшылар отбасынан шыққан, әкесі жолшы, ал анасы бағыттама бұрушы болса, ағасы станция кезекшісі, ревизор болып еңбек еткен. Бүгінде бекет кезекшісі болып қызмет ететін сіңілісі екеуі әулеттің кәсібін жалғап келеді.
Шетпеде күніне тиелетін жүктерге байланысты шамамен 30-40 құжат қабылданады. Күндіз-түні 5 тауар кассирі ауысыммен жұмыс істеп, жүк вагондарының жолақыларын есептеп, түрлі қосымша алымдарды есептейміз. Күнара және ай сайын жұмыс есебін тапсырып отырамыз. Шетпеден негізінен цемент пен қиыршық тас көп тиеледі. Ал мұнда құрылыс материалдары, Қостанайдан мал азығы мен ұн, Ресейден зауыттарға гипс, кен, шифр, кесілген материалдар, Алматы мен Түркістаннан анда-санда тұрмыстық техника келеді, – дейді аға тауар кассирі Ғаббас Сембаев, Оңай Сағынова, Тойдық Жанбозова сынды ұстаздарын үлкен құрметпен еске алады.
Тиянақты да тындырымды еңбегі үшін Тыныштық теміржолшы сан рет басшылықтың Алғыс хатымен, «Қазақстан темір жолының 110 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталды, ал былтыр Маңғыстау ауданы бойынша «Жыл теміржолшысы» атанды. Ал жұмыстан бос уақыттағы ермегі, бүгінгінің тілімен айтқанда «хоббиі» тоқыма-шілтер тоқу екен.
Райхан РАХМЕТОВА
Маңғыстау
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды