«Өндірісте өзімді электромеханик сезінемін...»

Әлеумет
26.08.2016, 17:02
Оқуға 3 мин
 «Қос рельстің бойымен жүйткіген локомотивтер автокөліктер секілді бағдаршамдар қызметіне бағынады», – дейді кейіпкеріміз Ақжайық белгі беру және байланыс дистанциясының директоры Мақсот Тарғынов.       Рас қой. Темір жолдың міндеті – жолаушы мен жүк тасымалдау процесін жүзеге асыру десек, осы жұмыстарды атқаруда белгі беру және байланыс дистанциясының қызметі айрықша. Өйткені, дала мен қалада айқұш-ұйқыш тартылған темір жолмен бір сызықтың бойымен жүргендей рет-ретімен қозғалып жатқан пойыздардың жүрісін басқарып отырған сол бағдаршамдар, белгі беру, байланыс жүйесі.     Құрметті теміржолшы Мақсот Жұмағалиұлы  осы қиын да күрделі салада қырық жылдан астам еңбек етіп келеді.  Сағыз станциясында қарапайым теміржолшы отбасында дүниеге келген оның балалық шағы әкесінің жұмыс бабымен қоныс аударған  Мұқыр станциясында өтіпті. 1974 жылдың ақпан айында Батыс Қазақстан темір жолының  Гурьев бөлімшесінің №31 сигнализация және байланыс дистанциясына электромонтер болып жұмысқа орналасқан күннен бастап  осы саланың ыстығына күйіп, суығына тоңған жылдар жылжып өте берді... 1977 жылы Алматы темір жол техникалық мектебін тәмамдап, электромеханик мамандығын алады. 1978-1981 жылдары Ақтөбе темір жол техникумына оқуға түсіп, оны да ойдағыдай бітіріп,  Мұқыр станциясы мен Кенбай бекеті учаскесінде аға электромеханик, Мақат – Сағыз учаскесінде учаске бастығы қызметін атқарып, тәжірибелі маманнның біріне айналады.  Еңбек ете жүріп Алматы темір жол иститутын  сырттай оқып, саласы бойынша жоғары білім алады.   Үнемі оқу мен ізденіс үстінде жүретін маманды басшылық  2001 жылы Атыраудың  Ақжайық сигнализациялау және байланыс дистанциясы бастығының орынбасары етіп тағайындайды.  Өзіне жүктелген міндетті ойдағыдай атқарып, өндіріске талай жаңашылыдықтар енгізумен көзге түскен маман  2007 жылы дистанция директоры болып тағайындалады.  Содан бері  міне, он жылға жуық уақыт өтті, осы ұжымның тасы өрге домалауы үшін аянбай тер төгіп келеді. Белгі беру және байланыс қызметіндегі қиын да күрделі кезеңдерден ұжымын аман-есен алып өтіп, не мәселенің де оңтайлы әрі бағалы шешімін таба білетін  іскер басшы аймақта белгі беру-байланыс саласын жаңартып, Қарабатан, Мақат дөңес алды, Ақжайық, 441, Теңдік бекеттерін, орталықтан диспетчерлік басқару  жүйесі (МПЦ «Диалог»), КТҚК қондырғыларын өндіріске қосуға атсалысқанын мақтан тұтады. «Өндірісте мен  өзімді әлі күнге электромеханик сезінемін» дейді кейіпкеріміз.  Зулаған уақыт қандай ұшқыр, тамыздың  27 жұлдызында  ел ағасы жасы 60-қа толып отырған Мақсот Жұмағалиұлы  өзі сүйген кәсіпте, еңбекпен өрілген өміріне өкініші жоқ. Шүкіршілік, жұбайы Райса Исмағұловамен бірге екі ұл, үш қыз тәрбиелеп өсіріп, олардан сүйген немере-жиен шаңырағының шаттығын тасытып отырған  өнегелі  отбасы бар. Екінші ұлы Ержан Тарғынов 2005 жылдан бері әке жолын қуып, Атырау белгі беру және байланыс дистанциясында бас инженер болып қызмет атқарады.  Осындай лайықты абыройға ие азамат, нағыз білікті инженер, іскер басшыны оның туған шаңырағындай болып кеткен ұжымы да мерейлі жасымен құттықтауға асық.

   Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА, Атырау

Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды