Әулет абыройы - адал еңбекте
Ақтөбе өңірінің Мұғалжар ауданына қарасты Ақкемер станциясында тұратын Қазбековтер әулетін білмейтіндер кемде кем. Сексеннің сеңгіріне шыққан қарт теміржолшы Есмұрат Қазбеков бүгінде тамырын тереңге жайған алып бәйтерек сынды.
Қырық жыл шойын жолда тер төккен әулет ақсақалы өзінен тараған үрім-бұтағын ең алдымен кәсіпке адал болуға, екінші, отбасы құндылықтарын қастерлеп, қадір тұтуға тәрбиелейді екен. Үлкен шаңырақта немере-шөберелері бас қосқанда олардың құлағына сіңе берсін деген ниетпен өткен өмірінен ертегідей естелік сыр шертеді. «Соғыстан кейінгі 50 жылдардың ортасында темір жолда барлық жұмысты қолмен атқардық. Мен әлі буыным бекіп, бұғанам қатпаған өрімдей жас бала кезімде жол бұрушы деген кәсіптің құлағын ұстап, кәдімгі ересек адамдардай жауапкершілікті мойныма алдым. Жас демей, бала демей маған осы жұмысты сеніп тапсырды», – дейді қария немере-шөберелеріне барлай қарап отырып. Қарияның көз алдына аса жауапты әрі ауыр жұмыстың тізгінін ұстағанда он алтыға да толмағаны, сонда да намысқа тырысып, анасына қолдары күстеніп саусақтарының қарысып қалғанын сездірмеуге тырысатыны түсіп, ұзақ үнсіз отырады...
Кейін қозғалыс саласына ауысады. «Красный мадияр» станциясында кезекші болып, табаны күректей тағы он жыл жұмыс істеген соң, 1971 жылдың 1 қаңтарында осы станцияның бастығы болып тағайындалады. Темірдей тәртіп шеңберінен шықпай, өз қызметін адал, асқан жауапкершілікпен атқара білген Есмұрат Зарлықұлы жүк құрамын апаттан сақтап қалғаны үшін «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісіне ие болады. Ал 1985 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталады.
Есмұрат ақсақалдың жұбайы Бибізада апа да темір жолда көп жыл еңбек еткен жан. Екеуі төрт қыз, үш ұл тәрбиелеп өсірді. Балалары түгел теміржолшы болды. Үлкен қыздары Гүлсім көп жыл Қырғыз станциясының бастығы болып, былтыр зейнетке шықты. Гүлнәр Жем жол машиналары станциясында жұмыс істесе, Гүлшат өткел кезекшісі. Ал ұлдардың үлкені Серік аға жол шебері, ол да «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» белгісімен марапатталған үздік маман. Ортаншы ұл Тарас пен кенже ұл Бауыржан жол шеберлері. Тарас та «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төс белгісін алған, ал Бауыржан «Кәсібі бойынша үздік» атанған. Осалы жоқ.
–Құдайға шүкір, ұлдарым мен қыздарымның арасында, 20 немерем мен 18 шөберемнің қызығын көріп, ғұмыр кешіп жатқан жайым бар. Адал еңбек етіп, адал жүрудің арқасында елге сыйлымын. Өкініштісі, қосағымның бұл дүниеден озып кеткені. Әйтпесе, өмірге еш өкпем жоқ, – дейді ақкемерлік ақсақал.
Аманбай ҚОНАҚБАЕВ, Ембі қаласы
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды