Қозыбақовтар династиясы – бірлік пен береке үлгісі
Семей теміржолында династиялық әулеттер мол. Кешегі Түрксібтің құрыш білекті құрылысшыларының бүгінгі ұрпақтары аталмыш салада қажырлы қызмет етуде. Солардың қатарындағы шойын жолда 640 жылдан астам еңбек өтілдері бар Қозыбақовтар әулетін жеке-дара бөліп атауға болады.
Оның себебі аталмыш әулет мүшелері теміржолшы мамандығын абыроймен ғана алып жүрген жоқ, өнердің сан түрін меңгеріп, бұл саланың намыс туын биік ұстап жүр. Мәселен, Семей қаласында Отбасы күніне орай ұйымдастырылған аймақтық «Үздік әулет» жанұялық сайысында Қозыбақовтар барша қарсыластарынан басым түсіп, «Ең белсенді әулет» аталымын жеңіп алды.
Байқауға әулеттің кіл өнерлі өкілдерінен іріктелген отыздан аса теміржолшы келіп қатысты. Ал өзгелері сынға түскен туыстарын сахна сыртында гримдеп, киімдерін әзірлеп, енді біразы көрермен залында жанкүйерлік етті.
–Негізі темір жолда еңбек етіп жүрген Қозыбақовтар бұдан да көппіз. Бүгінгі байқауға тек Семей қаласы мен жақын маңдағы станцияларда тұратын әулет өкілдері ғана келе алды. Оның өзінде де тек сахнада өнер көрсетіп шыңдалған туыс-туғандар ғана жиналдық, – дейді Қозыбақовтар династиясының төртінші буын ұрпағы, Шөптіқақ станциясының СОБ электромонтері Бейбіт Қозыбақов.
Жасы жиырмадан енді асқан Бейбіттің өзі де Ресейдің Барнаул қаласында студент теміржолшылар арасында өткен сайыста қазақша ән шырқап, жүлдегер атаныпты. Жалпы, осынау додаға кілең өнерлі буын жиналған екен. Мәселен, Семей станциясының жүк қабылдап-тапсырушысы Динара Қозыбақова ұлттық би билеуден алдына жан салмады. Ол өткен жылы желтоқсан айында Астана қаласында Ұлттық компания ұйымдастырған республикалық «Помним, гордимся, наследуем!» атты жастар форумында Түрксіб теміржолын салған даңқты бабасы Жұмағазы Қозыбақов туралы баяндама жасап, бас жүлдені еншілепті.
Бұл байқауға әулеттің бүгінгі аға буын өкілдері, жастары сексеннен асқан байырғы теміржолшы ардагерлер Мүбәрак және Тоқтархан Қозыбақовтар да келіп қатысты. Сондай-ақ, семейлік теміржолшылар да жанкүйерлік жасады. Отбасылық сайыс мейлінше тартысты өтті. Әйтсе де, Қозыбақовтар барын салды. Мәселен, «Әжемнің ас мәзірінен» атты бөлімде «Теміржолшылар қуырдағын» әзірлеген аталмыш әулет келіндері қазылар алқасының ризашылығына бөленді. Сондай-ақ, ән мен би, қолөнер бөлімдері бойынша да басты орындарды еншіледі. Мұнымен қоса, байқау барысында «Қазақстан» ұлттық арнасы түсірген Қозыбақовтар династиясы туралы 3 минуттық бейнеролик ұсынылды. –Дайындалғанымызға бір айдан аса уақыт өтті. Әсіресе, өнердің сан түрімен танылған кейінгі толқынға үлкен сенім арттық. Біздің династия өкілдері негізінен темір жолдағы байланыс және белгі беру саласында еңбек етеді. Байқауға екі бірдей «Құрметті теміржолшы» атағын иеленген ағаларымыз, сондай-ақ соңғы үш буын өкілдері, сексен жастағы қарияларымыздан бастап, олардың немере-шөберелеріне дейін қатысты, – дейді ШЧ-29 мекемесінің техникалық құжаттар тобының жетекші инженері Берікқан Қозыбақов.
Аймақтық байқау нәтижесінде «Ең белсенді әулет» аталымын жеңіп алған Қозыбақовтар әулеті бағалы сыйлықтар және мақтау қағазымен марапатталды.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ