Мәскеуде медаль алды

Әлеумет
27.09.2016, 18:32

dsc_0002

Өзінің отыз жылдық еңбек жолын тек қана бір мекемеде өткізген теміржолшы Ерлан Тіналиев – бүгінде Үшбұлақ станциясында станция кезекшісі болып еңбек етеді. Ол әке жолын қуған азамат. Әкесі Тоқтағұл Тіналиев уақытында Ақыртөбе станциясында жолшы, бригадир болып еңбек еткен. Ерланның ағасы да осы салады бірталай жыл еңбек етіп, бүгінде «Қазтеміртранста» еңбек етіп жүр. Өзі Ауған соғысының ардагері. Отан алдындағы азаматтық борышын өзге елде өткізген ол сол сұрапыл соғыстың бел ортасында қан кешті. Қаруластары көз алдында оққа ұшты. Талай боздақ туған жеріне аман-есен орала алмады. Ол күндер – бүгінде тарих. Бір айта кетерлігі, біздің кейіпкеріміз, Ұлы Отан соғысы жылдары, яғни 1941 жылы 23 тамызда алғаш Кузбаста 376-ы атқыштар дивизиясы болып жасақталған, кейін аты аңызға айналған 860 мотоатқыштар полкында 1986-88 жылдары Отан алдындағы азаматтық борышын өтеген. Ал бұл полк 1980 жылы Ауған жеріне кіргізілген болатын. Ерлан Тіналиев жақын күндері Мәскеуге барып, осы полктың жасақталғанына 75 жыл толған мерейтойға қатысып қайтты. Әрине, сонау жастық шағында өмір мен өлім арпалысқан соғыста бірге болған қаруластармен қайта қауышқанға не жетсін! Олардың да қатары азайып келеді... Ал  Мәскеудегі басқосуда полк сарбаздарының барлығының кеудесіне «75 лет 860 ОМСП» мерекелік медалін қадаса, оның қатарында санаулыларына ғана «За ратную доблесть» медалін тақты. Бұл марапатқа ие болғанның бірі – Ерлан Тіналиев. –Бүгінде ғаламтор желісі арқылы іздегеніңді табасың ғой. Менімен бірге әскерде болған оралдық Мақсұт Дауылбаев деген азамат бірінші болып байланысқа шықты. Ол Мәскеуде полктың 75 жылдығы өтетіндігін айтып, шақырылған азаматтардың қатарында менің де бар екендігімді айтты. Сөйтіп, Мәскеуде үш күн болдық. Қаруластарды көрдік. Сағынысып та қалыппыз. Шындығында, Ауған жеріндегі соғыстың зардабын әлі шегіп келеміз ғой. Онда не үшін бардық? Кім үшін соғыстық? Дегенмен, уақыт төреші. Оның салдарын әлі-ақ анықтайды деген ойдамын. Әскерге алынған соң төрт ай Түркіменстанда оқу-жаттығу жиындарында болып, Ауғанстанға Файзабад деген жерде соғыстық. Негізі, біздің полк Файзабад, Кундуз, Ташкурган, Хайратон деген елді мекендер аумағында орналасты. Ол жылдары полкты Николай Матяш басқарды. Негізі, менің туған күнім 28 тамыз. Бір есте қалған оқиға, тура сол 28 тамызда минаға түскен едім. Сонда полк командирі Матияш: «Не істейсің қаласың ба осында, жоқ кері қайтасың ба?» деп сұрады. Мен қалатынымды айттым. Содан жарақат алып, әйтеуір жазылып шықтық. Мұның барлығы естелік қой. Мәскеуде басқосқанымызда ортамыздағы бірқатар жігіттер, сол Ауған соғысы жайында өз естеліктерін жазып, кітап шығарған екен. Жалпы, Мәскеуде өткен шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Онда үш күн бойы «Таруса» деген сауықтыру кешенінде болдық. Ал осы Мәскеуге барып қайтуыма демеушілік жасаған ЖТ–Жамбыл бөлімшесінің директоры Берік Ақшаловқа, қолдау білдірген әріптестеріме алғысым зор? – дейді Ерлан Тіналиев.

Ерман Әбдиев, Жамбыл

Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі