Кемшілік көбейіп тұр...

Әлеумет
27.09.2016, 19:09
Оқуға 2 мин
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесі ревизоры Шәміл Мүбарак алға тартқан мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың сегіз айында бөлімше бойынша қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылық 12 рет орын алып, өткен жылмен салыстырғандағы көрсеткіштен 5 ретке артып 58 пайызға көбейген. –Жыл басынан бері Сыр өңіріндегі темір жол телімдерінде тұрақты жүргізілген шаралар нәтижесіз болып тұр, себебі пойыздардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде 2015 жылмен салыстырғанда қауіпсіздікті бұзушылықтардың санын біршама көбейтіп алдық, сондықтан бұл салада әлі де болса жұмыстарды ширата түсеміз – дейді бөлімшенің қозғалыс қауіпсіздігі ревизоры Шәміл Мүбарак. Өткен жылдың есепті мерзімінде ақау тіркелмегенмен, биылғы 8 ай ішінде №19-бекетте маневрлік жұмыс барысында жылжымалы құрам станциялық жолдан шығып кетіп ақау тіркелген. Және де қауіпсіздіктің бұзылуының бірден бір себебі, осы телім бойында малға қарсы қоршау салынбағандықтан, иесіз малдың рельс бойына шығып кетіп, пойыз астына түсуі мал басу оқиғаларының көбеюіне себеп болып отыр. Сегіз айда 6 рет жұмыстағы қиыншылық оқиғасы болған. Бұлардың біреуі машинистің жолдағы «соққыны» мәлімдеуі болса, қалған бесеуі жаңағы айтқандай, иесіз малдың жылжымалы құрам астына түсіп қалуы екен. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш екі рет тіркелген. Қауіпсіздікті бұзушылықтың өзге де оқиғасы, яғни 4 рет адам басу және 1 мәрте автокөліктің жылжымалы құрамаға соқтығысу жайы биыл да былтырғы жыл деңгейінде қайталанған. Бұл жайлар жол бойы еңбеккерлерінің мәртебелі қызметінде кемшіліктің қылаң бергенін байқатқандай. Сондықтан қырағылықты күшейту шаралары қолға алынып, темір жол мекемелері басшылары бас қосқан жиында пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін сақтау күн тәртібіндегі бірінші мәселе ретінде көтеріліп отыр.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде