Қайырымдылық қағидасын ұстануда

Әлеумет
05.10.2016, 17:54
Оқуға 2 мин
«ӘТЖК» АҚ Шымкент филиалының күзетшілері тоғыз айда «Шымкент, Қызылорда ЖТ» филиалдарының аумағынан 60 мың 513 пойызды қабылдап, өткізіпті. Осы жаздан бастап «Батыс Қытай ­– Батыс Еуропа» бағытында 40 тонналық контейнерлер жүре бастауынан пойыз саны артқан. Әрі көлемі ұзын құрамдарды күзету аталған сала мамандарынан күш жігерді талап етуде. Оның үстіне, Жезқазған – Бейнеу жолының ашылуына байланысты пойыздардың жылдамдығы артып, тасымал енді тасқындамақ. Сегіз айда филиал ұжымы 11 млн 859 мың 779 теңгенің вагон сағатын орындап, межені 328 пайызға орындапты. Күзет сағатын да іс жүзінде 952 мың 629 күзет сағатына толтырып, жоспарды 100 пайыз жүзеге асырған. Оңтүстік өңірдің әскерилендірілген темір жол күзетінің ұжымы әлеуметтік жағдайы төмен жандарға, жоқ-жітімге қайырымдылық жасаудан да қалыс қалған емес. Мәселен, биылғы алты айлықтағы табыстың үлесінен 7 млн 171 мың теңге  әлеуметтік көмекке жұмсалған. Яғни, филиал бойынша 164 адамға жәрдем беріліпті. Төле би ауданындағы  тірек-қимыл мүшесі зақымданған балалар емделетін «Көксәйек» интернатына 648 мың теңге қайырымдылыққа аударылса, «жетім көрсең, жебей жүр» қағидасын қалт етпей орындаған күзет қызметінің азаматтары Қызылордада тұл жетім қыз бала мен Шымкентте ата-анасыз өсіп жатқан 7 жасар Дастанды екі жылдан бері күзетшілер өз қамқорлықтарына алған. Сөйтіп, Олардың жеке есеп шотына қаржы аударумен қатар, әр тоқсандықта барып, киіндіріп тұрады. Ал, есепшоттағы қаржыны балалар жасы 18-ден асқан соң қажетіне жаратады. Сонымен қатар, осы мекемеде еңбек ететін  9 ауған соғысының ардагеріне, 19 адамның жақындарының  өмірден өтуіне байланысты материалдық көмек көрсетілген. Бұдан бөлек, 68 күзетшінің шаңырағына қосылған сәбиге, 10 жігіттің шаңырақ құрғанына, 24 маманның денсаулығының сыр бергеніне,  алтауының тісін протездеуге, үш қызметкердің зейнетке шығуына, 7 адамның мерейтойына, 17 әріптестің мүгедек балаларына жәрдем ретінде бөлінген.

Бекәли АЛТЫН,  Шымкент

Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді