ҚТЖ құрама командасы шағын футболдан Қазақстан чемпионы атанды

Спорт
23.08.2022, 08:12
Руслан Рахметов

Корреспондент газеты «Қазақстан теміржолшысы»

«ҚТЖ» ҰК» АҚ құрама командасы мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор компанияларының қызметкерлері арасында өткен QAZAQSTAN QYZMET CUP атты шағын футболдан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Шағын футболдан өткен чемпионатқа түрлі министрлік пен ведомствалар,  ұлттық компаниялар мен олардың еншілес құрылымдары атынан 16-дан астам команда қатысты. Сайыс Щучинск маңындағы «Жақсы-2» спорт кешенінде өтті. D тобына түскен «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрама командасы Нұр-Сұлтан қаласы мен Қызылорда облысы полиция департаменті командасы және Павлодардан келген «ERG Service» АҚ филиалының командасымен бақ сынасты.

– Әр команда өз қаласы мен облысында үздік шыққан. Дегенмен, біздің топқа ең мықтылар түсті, сондықтан да оны «өлім тобы» деп текке айтқан жоқ. Жартылай финалға өту жолдамасын ешкім оңайлықпен бергісі келмеді. Жеңіске деген ыждаһаттықтың арқасында Нұр-Сұлтан қаласы мен Қызылорда полиция департаменттерінің командасын жеңе білдік. Ең ауыр ойын павлодарлық «ERG Service» АҚ филиалының командасымен арада болды. Матч 0:0 есебімен аяқталды. Бірақ осы нәтиженің өзі бізді топта бірінші орын алуымызға мүмкіндік берді, – дейді ҚТЖ командасының мүшесі, «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС-нің әскерилендірілген күзет қызметін ұйымдастыру бөлімінің қару-жарақ, кәсіптік және дене шынықтыру дайындығы жөніндегі тобының бас менеджері Қанат Бейсембаев.

Финалда «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрама командасы «Қазақтелеком» АҚ өкілдерімен сынға түсті. Ойын керемет тартысты өтті, командалар тек жеңіске ұмтылумен болды. Ешкім берілгісі келмеді, қарсыластар соңғы секундқа дейін аянбай күресті. Дегенмен, теміржолшылар екінші таймның соңғы минуттарында гол салып үлгерді. Келесі таймда ойын аздап бәсеңдегенімен, ҚТЖ футболшылары есепті ұстап қала білді.

Турнир қорытындысы бойынша жекелей ойыншылар марапатталды. ҚТЖ командасының өкілі, «Қазақстан вагон құрылыс компаниясы» ЖШС-нің жұмысшысы  Юрий Дмитриев үздік қақбашы деп танылды, ал үздік шабуылдаушы атағына «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы «Автоматтандыру және цифрландыру депаратментінің» бас маманы Мейрамбек Ниязбеков ие болды.    

Жеңімпаздардың барлығы құттықтау қағаздары және медальмен  марапатталды.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады