Жас өрендер арасында шағын футболдан турнир өтті

Спорт
30.07.2023, 17:08
Суретті түсірген Александр Жабчук
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Теміржолшылар күніне орай Астанада «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ы қызметкерлерінің балалары арасында шағын-футболдан турнир өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Тамыз айының алғашқы жексенбісінде Теміржолшылар күні аталып өтіледі. Сол себепті қазір еліміздің әр түкпірінде осы атаулы күнге орай түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Сондай мерекелік іс-шараның бірі «ҚАЗКӨЛІККӘСІП» ҚБ-і мен ОТЛК ЕРА мекемесінің қолдауымен және Әлеуметтік саясат департаментінің ұйымдастыруымен ел астанасында өтті.  

Бұл күні ауа райы да тым шуақты болды. Таң атысымен ата-аналар болашақ футболшыларды ертіп стадионға жинала бастады. Әр команда сайыс алдында доп теуіп дайындықтарын бір пысықтап алды. Осымен екінші жыл балалар арасында ұйымдастырылып отырған шағын футболға 10-12 жас аралығындағы жеткіншектер қатысты. Барлығы 6 команда, атап айтсақ Хамелион, Астана арландары, Батырлар, Қайрат, Теміржол және Тұлпар, әрқайсысында он футболшыдан.

Турнирдің салтанатты ашылуында еліміздің Әнұраны орындалып, «ҚАЗКӨЛІККӘСІП» ҚБ-нің «Астана» филиалының төрағасы Серік Сәрсекеев алғы сөз сөйледі. Сонымен қатар ойынның бас төрешісі Қажымұрат Есенбеков те сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, ойынның ережесін түсіндіріп өтті.

Сонымен көпшілік тағаттана күткен қызықты сәт те келіп жетті. Алғашқы болып шаршы алаңға Батырлар мен Хамелион командасы шықты. Жарыстың алғашқы сәтінен бастап Батырлар командасының ойыншылары ширақ қимылдап, басымдықтарын көрсетті. Көп ұзамай алғашқы голды салып үлгерді. Бұл команданың дайындығы жоғары деңгейде екені сырт көзге айқын көрініп тұрды және бүгінгі ойындағы басты фаворит деп танылды. Осылайша бұл ойынды Батырлар командасы 7-0 есебімен айқын ұтып шықты. Көпшіліктің бұл команда жеңімпаз болады деген болжамы тұра келді, финалда Батырлар командасы Қайратпен кездесіп, 3-0 есебімен турнирдің жеңімпазы атанды. Ал, үшінші орынды Тұлпар командасы жеңіп алды.

Бір айта кетерлігі жеңімпаз Батырлар командасы құрамында ойнаған жас өрендердің кейбірі футболмен кәсіби түрде шұғылданады екен. Сондай ойыншылардың бірі Даниял Орал. Ол 2017 жылдан бері Астанадағы «Айбын» командасында футболмен жаттығады. Әкесі Асқар Елібаев баскетболдан  ҚТЖ-ның құрама командасында өнер көрсетеді. Айтуынша, балалары да өзі сияқты спортқа жақын.  

«Ұлым Даниял футболмен кәсіби түрде айналысады. Қазақстанның футболын көтерсек, келешекте еліміздің туын жеңіс тұғырынан көрсете білсек деген ниетпен балаларымды спортпен тұрақты түрде жаттықтырып жүрмін. Ұлым өнер көрсетіп жүрген «Айбын» командасы бұған дейін  Қазақастан чемпионатын ұтты, осы жылы Испанияға барып бірінші орын алды, одан бөлек Орталық Азия елдерінде өткен жарыстарға барып қатысып келді», – дейді Магистральдық желі дирекциясының Қамсыздандыру депаратментінің қызметкері А.Елібаев.  

Әлеуметтік саясат департаментінің бас менеджері Ақмарал Байғабылова сайысқа қатысқан балаларды рандомды таңдау әдісімен жинағандарын айтады. Яғни әр филиал, еншілес ұйымдар мен Орталық аппарат қызметкерлерінің балалары компьютерлік таңдаумен іріктеліп алынған.  

«Жарысқа қатысқан алты команда ойыншыларының формасын алып бердік. Сайысқа дейін оларды компаниямыздың мықты спортшылары дайындады. Әр командаға бір қызметкер жаттықтырушы болып сайланды. Одан бөлек бүгінгі ойынға балаларына қолдау білдіру үшін ата-аналар, апалары келіп отыр. Былтыр Орталық аппаратта жұмыс істеген бір әріптесіміз өмірден өткен еді. Сол қызметкердің баласы да бүгін жарысқа қатысты. Біз қызметкерлерімізді ұмытпаймыз, сол себепті әйеліне хабарласып, баласын ойынға қатысуға шақырдық», – деді бас менеджер.

Жүлделі орын алған команда ойыншылары медаль, дипломмен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ турнир барысында белсенді ойын көрсеткен футболшылар түрлі аталымдар бойынша марапатталды. Атап айтқанда, үздік қақпашы – Әлмұхамед Әубәкіров, үздік қорғаушы – Ерсұлтан Таңатаров, үздік шабуылдаушы – Әнуар Айсұлтан, үздік ойыншы болып – Әбдулқайыр Айтбай танылды. Үздік ойыншыларға да бағалы сыйлықтар табысталды.  

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады