Астанада өткен XI республикалық «Самұрық-Қазына» спартакиадасында «Кедентранссервис» АҚ қызметкері Айжан Ескердірқызы Серікова тоғызқұмалақтан қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Айжан Серікова «Кедентранссервис» АҚ-ның Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша филиалында жүк пен багаж қабылдап-тапсырушы болып жұмыс істейді.
Тоғызқұмалақ бәсекесінде ол жоғары стратегиялық шеберлігін көрсетіп, тартысты ойындарда лайықты өнер көрсетті. Нәтижесінде үздік үштіктен көрініп, жарыстың қола жүлдесіне ие болды.
Айжан Серікова иеленген медаль теміржол саласы өкілдерінің XI республикалық спартакиададағы жүлде қоржынына қосылған кезекті маңызды жетістік болды.