Жастар форумында жұмыс тиімділігін арттыратын 11 жоба ұсынылды

Трансформация
16.12.2022, 11:37
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жастар форумы аясында өндірісте жұмыс тиімділігін арттыратын 11 жоба ұсынылды. Соның біріншісін компания басшылығына Өскемен магистральдық желілер бөлімшесінің басқару жүйесін автоматтандыру секторының бастығы Евгений Португальский таныстырды. Бұл жоба «QR көмегімен оргтехника есебін тиімді жүргізу» деп аталады. Жобаны жүзеге асыру арқылы инвентаризацияға кететін уақытты 3 есе қысқартуға болады. Екінші жоба – «Ана тілінде тиімді коммуникация дамыту» деп аталып, оны Атбасар белгі беру және байланыс дистанциясының байланыс диспетчері Әсем Құласбаева таныстырды.

– Еліміздің барлық өңірлерінде теміржолшылар бір-бірімен ана тілінде анық ақпараттар алмасу үшін қазақ тілін дамытуды көздедік. Сол үшін өз дистанциямызда сауалнама жүргіздік. 183 адаммен сөйлесе келе олардың 10 пайызы қазақша мүлдем білмейтінін, 60 пайызы білмесе де үйренуге ниетті екенін, 30 пайызы мемлекеттік тілді білетінін анықтадық. Соларды үйрету үшін бұл жоба бойынша ешқандай шығын шықпайды. Оны біз компаниядағы осы жастар арасындағы қазақша жақсы меңгерген белсенді қызметкерлермен ZOOM арқылы жиын өткізу керек деп санаймыз, – дейді Ә. Құласбаева.  

«Локомотив бригадаларының моральдық жүктемелерін, ауыртпалығын анықтау әдісі» деген үшінші жобаны Түркістан локомотив пайдалану депосының шұғыл техникалық есепке алу орталығының бастығы Ерлан Бегімов айтып берді.

– Локомотив шаруашылығында қозғалыс қауіпсіздігі өте маңызды. Сондықтан бригаданың сапар алдында толықтай тынығып шығуы керек. Ол үшін арнайы жабдықталған онлайн платформа орнатуды ұсынамыз. Құрастырылған платформаны тестпен бірге сапар алдындағы депо кезекшісі аймағындағы арнайы компьютерге орналастыру қажет, – дейді жоба авторы.  

Осылайша басқа өңірлер де өз жобаларын қорғады. Атап айтқанда, олардың қатарында «Электронды құжат айналымына QR код қолдану», «Клиенттің саяхаттау картасы», «Су шығынын оңтайландыру», «Деректердің интерактивті талдауы», «Персоналды ресурс үнемдеу процесіне тарту» және басқа да жобалар болды. Жобалар бойынша барлық авторлар Құрмет грамоталарымен марапатталды.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті