Еуразия кеңістігіндегі кеңес

Трансформация
08.10.2024, 09:19
Меруерт Өмірзақова

М.Тынышпаев атындағы ALT Университеті базасында өткен Көліктегі қауіпсіздік және цифрландыру жөніндегі V Еуразиялық форум көлік саласындағы өзекті мәселелерді, инновациялық шешімдерді және цифрландыру үдерістерін талқылаған маңызды жиын болды.

Қозғалыс қауіпсіздігі және заманауи цифрлық шешімдер мен инновациялар бойынша негізгі мәселелерді қаузаған жиынның пленарлық сессиясына «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлікшілер одағының Бас директоры Қанат Әлмағамбетов модераторлық етті. Шақырылған спикерлер арасында жетекші шетелдік және отандық көлік компанияларының, мемлекеттік органдардың, ҚР жоғары оқу орындарының, логистикалық және көліктік-коммуникациялық сала кәсіпорындарының өкілдері болды.  

Оннан аса елден өкілдер қатысқан алқалы жиында теміржол саласын цифрлық трансформациялау, инновациялық технологиялар мен қауіпсіздік, көлік-логистикалық және коммуникациялық кешен үшін кадрлар даярлауды жетілдіру мәселелері талқыланды. Көлік саласының бірнеше бағыты бойынша 6 панельдік сессия өтті. Оның ішінде теміржол көлігіне қатысты «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Марат Шәкеновтің жеткшілігімен өткен «Теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету» сессиясы және «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Бас есептеу орталығы» филиалы директорының орынбасары Серік Алатаев модераторлық еткен «Теміржол саласын цифрлық трансформациялау» сессиясы болды.  

Панельдік сессияларға қатысушылар арасында өзекті мәселелерге қатысты қызу пікіралмасулар мен дискуссияға ұласқан талқылаулар өтті. Көлік қауіпсіздігі және цифрландыру саласындағы жаңа әзірлемелер мен тың шешімдердің негізін қалауға ықпал еткені анық.  

«Теміржол саласын цифрлық трансформациялау» панельдік сессиясында бірнеше спикерлер мазмұнды да қызықты баяндама жасады. Әсіресе ресейлік мамандар жоғары белсенділігімен көзге түсіп, көпшіліктің назарын аударған тақырыптар төңірегінде ой бөлісті. Олардың қатарында Ресейдің «Теміржол көлігі ғылыми-зерттеу институты» АҚ Тасымалдау процесі мен логистиканы дамыту мәселелері жөніндегі бас директорының орынбасары М.И. Мехедов, Ресей көлік университетінің профессоры (МИИТ) П.В.Куренков, «Ақпараттық және көлік жүйелерінің ғылыми-өндірістік орталығы» АҚ Бас директорының орынбасары Ю.А.Седелкин, «РЖД-технология» ЖШҚ департаментінің басшысы П.В.Дыкун, ПРОМЭЛЕКТРОНИКА ҒӨО коммерциялық бөлімінің жетекші маманы А.Е. Малыгин, Ресей көлік университетінің «Интеллектуалды көлік жүйелері және технологиялары» ғылыми-білім беру орталығының бастығы, «Көлік процестерін басқарудың цифрлық технологиялары» кафедрасының меңгерушісі В.Е.Нутович, «ТимэБиг» ЖШҚ және теміржол, көліктік кеңес беру қауымдастығының цифрлық шешімдер жөніндегі сеньор-кеңесшісі В.А.Вирковский сынды өз ісінің мамандары болды.  

Қазақстандық лекторлар қатарында ALSTOM Kazakhstan компаниясының клиенттермен жұмыс жөніндегі директоры Б.Қ.Котырев, «Dosjan temir joly» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Н.С.Әділбаев, «Жолаушылар тасымалы» АҚ технологиялық қолдау департаментінің бас менеджері А.Р.Мелдебекова, «DAR RAIL» ЖШС Бас директоры Р.Т.Дюсенов, «KTZ EXPRESS» АҚ стратегиялық даму және ақпараттық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры М.А.Садықов, «Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университеті» АҚ сениор-лекторы М.Б.Орунбеков ұсынған баяндамалар түрлі пікірлер туғызып, қызу талқылауға ұласты.  

– Биылғы жылы бесінші рет біздің оқу орнының қабырғасында өтіп отырған V Еуразиялық көлік қауіпсіздігі және цифрландыру форумының «Теміржол саласын цифрлық трансформациялау» панельдік сессиясы аясында B2B, B2G кездесулері ұйымдастырылды. Бұл алаң панельдік сессияға қатысушылар үшін – өндірістік те, ғылыми-білім беру саласының өкілдері үшін де пайдалы әрі жемісті болды, – деп атап өтті панельдік сессияның бірлескен модераторы, М.Тынышпаев атындағы ALT Университетінің доценті,техника ғылымдарының кандидаты Гүлфариза Сүлейменова.

 

Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы
Спорт
04.08.2026
Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері
Инфрақұрылым
04.08.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысында жер төсемін тәуліктік төгу рекорды орнатылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Нұрлы жол вокзалында ғимаратты салқындату бойынша қосымша шаралар қабылданады
Жаңалықтар / Мұрағат
04.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №60-61 04 тамыз 2026 жыл