Локомотив құрастырудың жаңа деңгейі

Трансформация
30.09.2025, 10:00
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстанның теміржол көлігі саласы жаңа деңгейге көтерілді. ҚТЖ мен Wabtec компаниясы арасындағы ынтымақтастық арта түсті. Бұл туралы Астанадағы Wabtec зауытында өткен баспасөз турында айтылды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен АҚШ-тың WABTEC компаниясы арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастық бойынша жоспарлар таныстырылып, жаңа локомотивтер көрсетілді.

Турға қатысушы журналистер өндірістік цехтарды аралап, Қазақстанда темір жол машиналарын жасаудың озық технологиялары жоғары деңгейде игеріліп жатқанына куә болды. Қазақстан тек өзіміз үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін де локомотивтерге техникалық сараптама беру және сервистік қызмет көрсету орталығына айналмақ.  

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының орынбасары Асан Үмбетовтің айтуынша, бұл ынтымақтастықтың мәні тек бір реттік мәміледе емес, елді алдағы бірнеше онжылдықта заманауи жылжымалы құраммен және кепілдендірілген сервиспен қамтамасыз ететін стратегиялық әріптестікте. Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапарында ҚТЖ мен Wabtec арасында жалпы сомасы 4,2 миллиард долларға 3 келісімшарт жасалды. Оған 2027- 2036 жылдар аралығында жыл сайын 30 локомотивтен барлығы 300 локомотив сатып алу, сервистік шартты 2058 жылға дейін 405 локомотивке ұзарту, сатып алынатын локомотивтерге 18 жыл мерзімге толық сервистік қызмет көрсету, жылжымалы құрамды есепке алу, бақылау және диагностикалау үшін kinetix цифрлық жүйесінің бес жиынтығын жеткізу, 3 жыл ішінде 505 локомотивке арналған тежегіш цилиндрлер мен компрессорларды күрделі жөндеу, шалғай өңірлерде сервистік орталықтар қызметкерлері үшін әлеуметтік объектілер салу қызметтері кіреді. Жоба кәсіпорынның өз қаражаты есебінен іске асырылады. Бұл ретте сервиске арналған шығыстар несие алмай-ақ ҚТЖ-ның өз кірісі есебінен толығымен жабылады.  

– Қазақстан Еуразияның негізгі көліктік-логистикалық хабына айналуда, еліміз арқылы Қытай, Орталық Азия елдері, Ресей және Еуропа арасындағы аса маңызды маршруттар өтеді. Соңғы жылдары тасымалдау көлемі бірнеше есе өсті, осыған орай бәсекеге қабілеттілікті сақтау үшін заманауи және сенімді локомотив паркі қажет. 1970-80 жылдары шығарылған қолданыстағы тепловоздар біртіндеп тозып келеді және ауыстыруды қажет етеді. Бұрынғы локомотивтердің барлығы бұған дейін 36-40 сағат сайын жөндеуге жіберілетін. Қазіргі жаңадан алынған локомотивтер 90-120 тәулікте жөндеуге ағытылады. Қалған уақытта эксплуатацияда. TЭ33AT сериялы жаңа локомотивтердің артықшылығы – оны пайдалану арқылы отын шығыны азаяды, локомотивтік тартым күші жақсарады, сенімділігі жоғарылайды, – дейді А. Үмбетов.  

Сонымен қатар локомотив бригадалары үшін кондиционер, тоңазытқыш, микротолқынды пеш, дәретхананың болуы жайлы жағдайды арттырды. Ескі тепловоздарда әр жерде тоқтап, май, суды қолмен құятын. Қазір мұндай шығын жоқ. 2036 жылға дейін 300 локоматив шығарудан бөлек қосалқы бөлшектерден бастап тұтас тепловозға дейін осы зауытта құрастырылады.  

Америкалық Wabtec – 100 жылдан астам тарихы бар компания, Қазақстанда 27 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істейді. Екі жыл бұрын 2009 жылы Астанада ашылған Локомотив құрастыру зауытын сатып алып, толық қожайынына айналды. Бұл зауытта 800- дей қазақстандық мамандар еңбек етіп, өзіндік инженерлік мектебі дамуда. 2024 жылы зауыт базасында бүкіл ТМД үшін инженерлік орталық ашылды. Бүгінде елімізде жұмыс орындарын және отандық экономиканы қолдауды қамтамасыз ететін 7 Wabtec сервистік орталығы жұмыс істейді. Зауыт «Болашақ» бағдарламасымен ынтымақтасып, студенттерді АҚШ-та оқыту мен практикаға бағыттайды. Барлық шығындарды өз мойнына алып, әлемдік деңгейдегі инженерлер мен технологтардың жаңа буынын дайындауға мүмкіндік береді. Дәл қазір зауытта жылына 70-ке жуық локомотив құрастырылып жатыр. Тепловоздар сыртқы нарыққа да экспортталады.  

Жалпы ЛҚЗ құрылған сәттен бастап ҚТЖ үшін 675 локомотив өндірілді, оның ішінде 42-сі ТМД елдері мен таяу шетелдерге экспортқа жіберілді.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды