Тепловоздарды автоматтандыру процесі үздіксіз жүруде

Трансформация
16.10.2025, 14:29
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе локомотив пайдалану депосы – еліміздің теміржол жүйесіндегі ірі өндірістік нысандардың бірі. Мұнда пойыздар қозғалысын тәулік бойы қамтамасыз ететін 700 жуық адам еңбек етеді. Соңғы жылдары кәсіпорында өндірістік жаңғыру мен цифрлық технологиялар енгізу кеңінен белең алып, жұмыс сапасы жаңа деңгейге көтерілді.

Ақтөбе локомотив пайдалану депосының бас инженері Бақытқали Джанесовтің айтуынша, бүгінде депода 103 тепловоз бар, оның 80 пайызы – жаңа үлгідегі локомотивтер. Олар кондиционермен, жылыту жүйесімен, заманауи басқару панельдерімен жабдықталған. Бас инженердің негізгі міндеті – локомотивтердің техникалық жағдайы мен жөндеу сапасын қадағалау.

– Президент тапсырмасына сәйкес теміржол саласында цифрландыру белсенді жүргізілуде. Ақтөбе депосында бүгінгі таңда тепловоздардың 70-80 пайызы автоматты басқару жүйесіне көшті. Машинист тек бақылаушы рөлін атқарады. Учаскеден шыққаннан кейін экранға автоматты басқаруға дайын екені қосылады. Машинист бақылап отырса жеткілікті. Бұл жанармайды үнемдеп, адам еңбегін жеңілдетеді. Әр тепловоздың жүру жүктемесі, техникалық ақаулар, жөндеу мерзімі күн сайын бақыланады. Мердігер мекемелердің жұмысы да арнайы журнал арқылы тіркеліп, түзетулер енгізілгеннен кейін ғана локомотивтер жолға шығарылады. Сонымен қатар бүгінде Алматы пайдалану локомотив депосының базасында машинистерге арналған 3D оқыту жүйесі енгізілуде. Арнайы көзілдірік арқылы машинист өзін пойыз жүргізіп келе жатқандай сезінеді. Бұл техникалық сабақ кезінде үлкен жаңашылдық болып отыр, – дейді бас инженер.  

Жақында Мемлекет басшысы мен «Қазақстан темір жолы» басшылығы АҚШ-та жаңа локомотивтер шығару туралы келісімге қол қойды. Астанада құрастырылып, өңірлерге таратылатын локомотивтердің техникалық сипаттамаларына байланысты жергілікті  деполардан зауытқа ұсыныстар жолданып жатқан көрінеді. Қазір қолданыста жаңа локомотивтердің ТЭ33А және ТЭ33АС үлгілері бар. Болашақта депоға ТЭ33Ат локомотивтері келеді деп күтілуде.

Ақтөбе депосының басым бөлігін жастар құрайды. 2024 жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС мен ALT Университеті арасында жасалған меморандум негізінде диплом алған 9 түлек Ақтөбе депосында жұмысқа орналасқан. Кәсіпорында еңбек мәдениетіне, тәртіпке және жұмыс сапасына ерекше мән беріледі. Әр таң сайын бөлім басшыларымен жиналыс өткізіліп, күндік жоспар мен есеп талқыланады.

– Басты мақсатымыз – пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, сапалы қызмет пен еңбек мәдениетін қалыптастыру, – дейді бас инженер. 

Еңбек жолын тепловоз машинисінің көмекшісінен бастап, инженер-технолог, нұсқаушы, аға кезекші сынды түрлі қызметтерде тәжірибе жинаған Бақытқали Жанесов 2024 жылдан бері бас инженер лауазымын атқарады.    

 

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды