Машина жасаудағы маңызды қадамдар

Трансформация
07.04.2026, 09:15
Суреттерді түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астанада өткен Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумы аясында Kazakhstan Machinery Fair 2026 халықаралық мамандандырылған көрмесі де ұйымдастырылды. 1300-ден астам делегаттың, оның ішінде Австрия, Германия, Италия, ҚХР және басқа да 20-дан астам елден келген жетекші өндірушілер, мамандар мен бизнес өкілдерінің басын қосқан форумда теміржол саласындағы машина жасау ісі кеңінен талқыланып, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жария етілді.

Жалпы, республика бойынша 2025 жылы машина жасау өндірісі 5,7 трлн теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 13% өскен. 4 мыңға жуық зауыт жұмыс істеп, онда 130 мыңнан астам білікті маман еңбек етеді.  

Теміржолдың машина жасау саласына бағытталған секциялық отырысқа «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Рамазан Садырқұлов, компанияның Техникалық орталық директоры Жандос Мусин, Техникалық саясат департаментінің директоры Дмитрий Потлов, сондай-ақ бірқатар құзырлы министрліктер өкілдері қатысып, баяндама жасады.  

– Жыл сайын өткізілетін Қазақстан машина жасаушылар форумы өнім өндіруші кәсіпорындар мен уәкілетті мемлекеттік органдар арасындағы тікелей байланыстың тиімді алаңына айналды. Импорттық компоненттер мен жабдықтардың отандық аналогтарын құруға және енгізуге ерекше назар аударылады. Бұл шетелдік өнімдерге тәуелділікті айтарлықтай төмендетуге және қазақстандық кәсіпорындарда қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде елдің экономикалық қауіпсіздігін нығайтуға және халықаралық деңгейде қазақстандық теміржол машиналарын жасаудың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қол жеткіземіз. Теміржол машина жасау секторында 8 мыңнан астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін 50- ден астам отандық кәсіпорын табысты жұмыс істеуде. Өндірілетін өнімдегі қазақстандық қамту деңгейі 40% астам. Өндіріске өнімді қою бойынша жүргізіп жатқан жұмыс аясында тауарлардың жаңа номенклатурасын игерудің қарқынды өсуі байқалады. Мысалы, соңғы 3 жылда өсім 45%- дан асты. Осы ретте ҚТЖ тұрақты даму қағидаттарына берік екенін атап өткім келеді. Біз алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін ашық диалогқа дайынбыз, – деді компанияның бас инженері.  

Теміржол өнімдерін әзірлеу және өндіріске енгізу жүйесі туралы баяндаған Ж. Мусин бұл сала жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.

– Енді көбірек өндіру ғана емес, сонымен қатар талаптарды сақтау, өндірісті игеру және кәсіпорынның дайындығын растау процедурасы арқылы нарыққа жаңа техниканы дұрыс шығару маңыздылығы артты. Өндіріске бір құрылғыны енгізу арқылы өнімді қабылдаумен қатар оны локализациялау мәселесі туындайды. Кәсіпорын технологияны қаншалықты терең меңгерген, компоненттерді жеткізу қаншалықты тұрақты және өндіруші ел ішінде өнімнің тұрақты жұмыс істеу циклін қамтамасыз ете алатынына да басымдық беріледі, – деді ол.  

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі электртехникалық және ауыр машина жасау басқармасының басшысы Төреәділ Әбдірахмановтың айтуынша, теміржол машиналарын жасау секторы Қазақстанның машина жасау саласының шамамен 13%-ын құрайды.  

– 2025 жылы теміржол өнімдерінің өндіріс көлемі 734 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 22,5%-ға артты. Қазіргі таңда секторда 60-қа жуық машина жасау кәсіпорны жұмыс істейді, олар 8 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуда. Бұл кәсіпорындардың көбі – заманауи локомотивтер, жүк және жолаушы вагондарын, мойынтіректер, монолитті дөңгелектер, осьтер, рельстер, шпалдар, тіркеме бөліктері мен компоненттерін, инфрақұрылым жабдықтарын шығаратын негізгі қалаларды құрушы зауыттар. Былтыр отандық зауыттар 45 электровоз, 69 дизельді локомотив және 3075 түрлі вагон шығарды. Биыл алғашқы екі айда теміржол машиналарын жасау секторындағы өнім өндірісінің көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мына санаттар бойынша өсті: жолаушы вагондары 3,4 есе, теміржол және трамвай жолдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету үшін көлік құралдары 2,9 есе, электровоздар 60%, роликті шарикті подшипниктер 63%. Соңғы жылдары өндіріс көлемінің жоғары динамикасына қарамастан, Қазақстанның машина жасау зауыттары ішкі нарықтың өскен сұранысын әлі толық қамтамасыз ете алмай отыр. 2025 жылы ішкі нарықтың жалпы тұтыну көлемі 2,5 млрд АҚШ долларын құрады, оның 45%-ы ғана отандық өндірушілердің үлесіне тиесілі. Биыл қаңтарда теміржол машиналарын жасау секторындағы өндіріс көлемі 2025 жылдың қаңтарымен салыстырғанда долларлық эквивалентте 6%-ға төмендеген, ал отандық өндірушілердің нарықтағы үлесі 34%-ды құрайды, – деді ол.  

Соңғы жылдары бизнес теміржол машиналарын жасау саласын жаңғырту және дамытуға белсенді түрде инвестиция салуда. Былтыр жалпы көлемі 81,8 млрд теңгені құрайтын жаңа жобалар іске асырылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есе көп. Спикер сәтті іске қосылған стратегиялық өндірістер мен жаңа объектілерді атап өтті және бүгінгі таңда елімізде теміржол машиналарын жасау бойынша толыққанды кластер қалыптасып, әртүрлі өнімдер бойынша өндіріс орындары жұмыс істейтінін жеткізді.  

– ҚТЖ-да локомотивтер мен вагондар паркін жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатқан кезде машина жасау саласына инвестициялар тартуды белсенді түрде арттыру, өндірісті кеңейту, заманауи технологияларды енгізу, мемлекеттік қолдауды және көлік-логистика кешенінің алдында тұрған міндеттерді сәтті жүзеге асыру үшін жасалған жағдайды барынша тиімді пайдалану қажет, – деген спикер теміржол машина жасау саласын әрі қарай дамыту перспективалары қандай шаралар арқылы жүзеге асырылатынын атады.  

Бірінші, өндірісті жаңғырту, технологиялық жабдықты жаңарту және жаңа технологияларды енгізу керек. Екінші, отандық локомотивтер мен вагондардың модельдік қатарын кеңейту қажет. Үшінші, салааралық кооперация жағдайында локомотивтер мен вагондарды жасау үшін алдын ала өнімдер, бөлшектер, бірдейлендірілген жабдықтар мен қосалқы бөлшектер шығаратын жаңа мамандандырылған өндірістерді дамыту керек. Отырыста сондай-ақ саланы дамытуды мемлекеттік қолдау шаралары, жаңа буын тепловоздары мен өндірісті Қазақстанда локализациялауды тереңдету т.б. мәселелер сөз болды.  

Форум аясында қонақтар елордадағы Локомотив құрастыру зауытына барып, өндірісімен танысты. Іргетасы қаланған 20 жылда 700-ден астам локомотив шығарып, теміржол машина жасау саласының флагманына айналған ЛҚЗ жылына 100-ге дейін техника шығара алатын заманауи өндіріс орны. Жеті жүз маман еңбек ететін зауыт тек техника құрастырып қана қоймай, технологиялық мүмкіндіктерін де кеңейтіп келеді.

 

Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады
Әлемде
24.06.2026
Stadler мен ARST әлемдегі алғашқы тар табанды коммерциялық сутегі пойызын таныстырды
Жаңалықтар
24.06.2026
Көлік полицейлері «Нұрлы жол» вокзалында мерекелік концерт ұйымдастырды
Әлеумет
24.06.2026
Семейлік теміржолшылардың балалары Бурабайға жол тартты
Жүк тасымалы
24.06.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті
Жаңалықтар
24.06.2026
Мемлекет басшысының Бельгияға сапары аясында көлік саласында жаңа келісімдер жасалды
Жаңалықтар
24.06.2026
Ақтау порты 7 метрге дейін тереңдетіледі
Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
22.06.2026
Қазақстанның көлік саласына инвестициялар
Жаңалықтар
22.06.2026
Брюссельде Еуропа мен Азия арасындағы негізгі маршруттың болашағы талқылануда
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚМГ мен ҚТЖ мұнай өнімдерінің логистикасына цифрлық бақылау енгізді
Инфрақұрылым
22.06.2026
Талдықорған теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚТЖ халықаралық көлік дәліздері үшін LTE-R бірыңғай цифрлық желісін құрады
Қауіпсіздік
22.06.2026
Теміржолшылар төтенше жағдайға қаншалықты дайын?