Қытайлық CRRC корпорациясы қала маңына қатынайтын жаңа Orange Phoenix электр пойызын таныстырды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Аталған электр пойызы қала маңына және ұзақтығы 1 сағаттан аспайтын қалалар арасында қатынайды.
Мамандардың айтуынша, пойыз 2023 жылы ұзақтығы 54,4 шақырым болатын Чучжоу — Нанкин бағыты бойынша жүреді.
Пойыз құрамында төрт вагон бар және сағатына 140 км жылдамдықпен жүре алады, екі вагонда қозғалтқыш орнатылғандықтан қозғалған сәттен-ақ жоғары жылдамдыққа ие болады.