Швеция жануарларды анықтайтын жасанды интеллект жүйесін сынақтан өткізіп жатыр

Әлемде
14.05.2026, 11:00
Оқуға 2 мин
Сурет: ЖИ
Қазақстан теміржолшысы

Швецияда теміржол бойында жануарларды анықтауға арналған жасанды интеллект (ЖИ) жүйесі ауқымды сынақтан өтуде. Бұл технологияны Alstom компаниясы мен шведтік Flox Intelligence стартабы бірлесіп тексеріп жатыр. Жүйе теміржол маңындағы жабайы жануарларды танып, оларды жолдан алыстатуға арналған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Railway Supply басылымының жазуынша, бұл технология жасанды интеллект негізінде жұмыс істейді. Alstom компаниясы алғашқы нәтижелер жабайы жануарлармен соқтығысу қаупін азайтуда жүйенің әлеуеті жоғары екенін мәлімдеген. Айта кету керек, Швециядағы теміржол қозғалысының іркілуіне көбіне осы жағдайлар себеп болады екен.

«Біздің далалық сынақтарымыз жасанды интеллектінің жануарларды жоғары дәлдікпен анықтай алатынын көрсетті. Жабайы табиғатты қорғау саласындағы тәжірибемізді Alstom-ның теміржол инновацияларындағы біліктілігімен ұштастыра отырып, біз жануарларды да, желінің сенімділігін де қорғайтын технология жасап жатырмыз», – дейді Flox Intelligence бас директоры Сара Нозкова.

Ал, Alstom-ның Швециядағы бас директоры Мария Сигнал Мартебоның пікірінше, бұл жоба Швеция теміржол көлігінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін маңызды. Сынаққа қатысқан топтар, тіпті қысқа қашықтықтарда, әсіресе авариялар жиі болатын учаскелерде жануарлардың өте көп екеніне таңқалған.

Alstom және Flox Intelligence әзірлеген шешім ЖИ-ді қолдайтын бейнекамераларға негізделген. Жануарлар жолға жақындаған кезде, жүйе арнайы дыбыстық сигналдарды қосады. Бұл сигналдар жануарларды теміржол аймағынан үркітіп, алыстатуға бағытталған.

Сынақтың бірінші кезеңінде технология жануарлардың бірнеше түрін, соның ішінде бұландарды, киіктерді, түлкілер мен жабайы қабандарды анықтады. 2026 жылдың сәуір айындағы жағдай бойынша, жоба енгізудің жаңа фазасына өткен. Енді бейнебақылау дыбыстық ескерту жүйелерімен біріктіріледі.

Сынақтар Швецияның Далабанан және Бергслагсбанан сияқты бірнеше теміржол желілерінде өтіп жатыр. Жұмыс аймақтық теміржол органы Tåg i Bergslagen және VR операторымен бірлесіп жүргізілуде. Сонымен қатар, жоба шведтік Vinnova инновациялық агенттігінен қаржы алып отыр. Бұл қадам Еуропалық Одақ алға қойған қауіпсіздік пен тұрақтылық мақсаттарына жету жолында маңызды деп саналады.

Жасанды интеллект жүйесі тек ірі аңдарды ғана емес, сонымен қатар ұсақ жануарлар мен құстарды да анықтайды. Бұрын олар теміржол статистикасына ілінбейтін еді. Әрбір анықталған жағдай талданып, жіктеледі, бұл алгоритмдердің уақыт өте келе жетіле түсуіне көмектеседі.

Сынақ кезінде технология үй жануарлары мен құстарды (соның ішінде қарғалар мен көгершіндерді) анықтауда өте жоғары дәлдік көрсеткен. Ал бұландар мен киіктерді тану сапасын жақсарту үшін ЖИ-ді қосымша оқыту қажет.

Швецияда жыл сайын пойыздардың жануарлармен соқтығысуының 5 000-ға жуық жағдайы тіркеледі екен. Мұндай оқиғалар жабайы табиғатқа зардап тигізіп қана қоймай, пойыздардың кешігуіне, жөндеу шығындарына және машинистердің психологиялық шаршауына әкеп соғады. Жоба осындай апаттарды азайтуға, пойыздардың уақытылы жүруін жақсартуға және қоршаған ортаға тигізетін әсерді төмендетуге бағытталған. 

Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты