Тәжікстан, Иран және Ауғанстан жүк транзиті үшін жаңа көлік дәлізін құрып жатыр

Әлемде
29.07.2026, 10:51
Оқуға 1 мин
Сурет: ЖИ

Иранның Мешхед қаласында Тәжікстан, Иран және Ауғанстан арасында үшжақты автомобиль дәлізін құру туралы хаттамаға қол қойылды. Бұл құжат коммерциялық жүктерді Ираннан Тәжікстанға Ауғанстан аумағы арқылы транзитпен тасымалдауды қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Ауғанстан Көлік министрлігінің мәліметінше, жақын арадағы 30 күн ішінде үш елдің де автопарктерін қатыстыра отырып, пилоттық тасымалдауды бастау жоспарланған. Жобаны үйлестірумен тұрақты жұмыс тобы айналысады. Оның міндетіне міндеттемелердің орындалуын бақылау, әкімшілік кедергілерді жедел жою және есептілік жүргізу кіреді.

Кездесу аясында делегациялар шекаралық инфрақұрылымды жаңғырту, жүк көлігі жүргізушілері үшін визалық талаптарды жеңілдету, шекаралық бақылауды жылдамдату, жылжымалы құрамды жаңарту және біріктірілген сақтандыру жүйесін енгізу мәселелерін талқылады. Бұдан бөлек, ұзақ мерзімді келешекте бағдарды Орталық Азия елдеріне дейін кеңейтіп, Қытай нарығына шығу мүмкіндігі де қарастырылуда.

«Басты түйткілдердің бірі — инфрақұрылымдағы шектеулер, яғни негізгі өткізу пунктерінің шамадан тыс жүктелуі. Бүгінгі таңда жолдардың шамамен 65-70%-ында қатты төсем болмағандықтан, арнайы техниканы талап етеді. Сондай-ақ ауыр жүк көліктері үшін де мүмкіндіктер шектеулі. Осыдан келіп, дәстүрлі бағдарлардың дамыған инфрақұрылымымен салыстырғанда, бұл аймақтағы жағдай төмен деп бағаланады», - деп атап өтті «Авратэк» ЖШС стратегиялық даму жөніндегі директоры Мария Селина.

Жаңалықтар
19.10.2026
Теміржол вокзалдарындағы сары белгі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі
Аймақтар
19.10.2026
Маңғыстау жол дистанциясына – 60 жыл
Әлемде
19.10.2026
Ресейде push-pull технологиясымен жүретін алғашқы қала маңы пойызы іске қосылады
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия