Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады

Әлемде
03.09.2026, 08:50
Оқуға 2 мин
Сурет: Sofia News Agency

1 қыркүйектен бастап Болгарияда алғашқы екі Coradia Stream электропойызы жолаушылар тасымалына шықты. Қазір пойыздар төрт қалааралық бағытта қатынайды. Алдағы уақытта жаңа құрамдар пайдалануға берілген сайын маршруттар желісі де кеңейтіледі, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Алты вагоннан тұратын, төмен еденді Coradia Stream электропойыздары сағатына 160 шақырымға дейін жылдамдықпен жүре алады. Олар пойыздардың қозғалысын басқарудың еуропалық ETCS жүйесімен жабдықталған.

Бір құрамда бірінші және екінші класта барлығы 325 жолаушыға арналған орын бар. Сондай-ақ қозғалысы шектеулі жолаушыларға, мүгедектер арбасына және велосипедтерге арналған арнайы орындар қарастырылған. Багаж орналастыруға да мүмкіндік бар.

Бұл жылжымалы құрам Болгарияның Көлік және байланыс министрлігінің тапсырысы бойынша жеткізілуде. Жоба елдегі жолаушылар пойыздары паркін соңғы 20 жылдағы алғашқы кешенді жаңарту бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

2025 жылдың сәуірінде министрлік француздық Alstom компаниясы мен жергілікті RVP Invest консорциумымен құны 452 млн еуроны құрайтын келісімге отырып, 35 электропойызға тапсырыс берген. Бұған қоса, пойыздарға 15 жыл бойы техникалық қызмет көрсетуге тағы 268 млн еуро жұмсалады. Қызмет көрсету жұмыстары София маңында жаңадан салынатын депода жүргізіледі.

Айта кетерлігі, сол кездегі тендерде пойыздарды жеткізу мерзімі өте қысқа болған. Alstom компаниясы құрамдарды 2,3 жыл ішінде жеткізуге кепілдік беріп, тендерде жеңіске жетті. Мұндай қысқа мерзімде тапсырысты орындауға компанияға Румыния үшін шығарылып жатқан осындай пойыздардың өндірісі көмектесіп отыр. Бұл пойыздарды шығару Польшадағы Катовице қаласында бұрыннан жолға қойылған.

Бұған дейін, тамыз айында, Болгарияда чехиялық Skoda Group компаниясы шығарған 20 өңірлік электропойыз да жолаушылар тасымалына шыққан болатын. Бұл құрамдарға 2024 жылы дәл осы жаңғырту бағдарламасы аясында тапсырыс берілген. Жыл соңына дейін тағы бес электропойызды пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті